«Мемлекет басшысы атап өткендей, «Жаңа гуманитарлық білімнің» алғашқы оқулықтарын таныстыруда заманауи ұлт бәсекелестігінің басты шарттарының бірі – жас ұрпақтың білімділігі. Президенттің «Қазақстан-2050 Стратегиясын қолдау» қоғамдық қорының қаржылық көмегі арқасында білім мекемелерін жаңғыртудың жаңа тәсілі жүзеге асты. Жобаға қатысқан алматылық жастар классикалық кітапхананы жастардың коворкинг орталығымен ойдағыдай үндестіре білді», деп атап өтті қала әкімі Бауыржан Байбек.
Жаңарған интерьермен қоса «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сай кітапхананың барлық кітап қоры саналып, электронды форматқа көшеді. Бұлардан өзге, қайта жаңғырған Жамбыл атындағы кітапхана жалпы кітап қоры 1,8 миллион дана болатын қаланың бірегей кітапхана жүйесіне енді.
«Мұнда оқырман қажетті ақпаратты алып қана қоймай, өз пікірімен бөлісіп, оны талқылай алады. Біз кеңістікті заманауи және жайлы жасауға тырыстық. Бұл оқырмандарға қолайлы жағдай туғызады», дейді жоба ұйымдастырушылары.
Эльвира Серікқызы,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ