Үкімет • Бүгін, 11:00

Қазақстан 2035 жылға дейін 26 ГВт жаңа қуат көзін енгізеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан 2035 жылға дейін 26 ГВт жаңа қуат көзін енгізеді

Фото: Үкімет

Олжас Бектенов елімізде электр энергиясының тапшылығы сақталып отырғанын, ол ең жоғары жүктеме кезеңдерінде импорттың есебінен жабылатынын атап өтті. Өткен жылы энергия тапшылығы 29%-ға азайғанымен, ауқымы әлі де үлкен.

«Жаңа тариф саясатының нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтердегі әділ нарықтық жағдайлар қалпына келтіріліп жатыр. Қазір болжамды тарифтер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына жеке инвестицияларды қайта тартуға жол ашты. Мысалы, өткен жылы энергетика саласына 655 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 900 млрд теңге деңгейінде болады деп болжанған. Жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру көлемі 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаяды», деді Үкімет басшысы.

10 күнде жеңілдетілген несие: Үкімет ШОБ-ты қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеп жатыр

Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және өсіп келе жатқан қуат тапшылығын жабуға арналған стратегиялық жұмысты жүзеге асыру шеңберінде Үкімет 2035 жылға дейін 26 ГВт-тан астам жаңа өндіруші қуаттарды енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр, оның ішінде атом және «таза» көмір генерациясын дамытуға баса мән беріледі.

Сондай-ақ Үкімет басшысы жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 34%-ға дейін төмендейтінін де атап өтті. 

 

Соңғы жаңалықтар