Салтанатты шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қатысты. Олар алдымен Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды. Содан кейін жиынға келген халықпен бірге сұрапыл соғыста қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиын соңында Қазақстанның Әнұраны орындалды.