Медицина • 11 Мамыр, 2018

Тегін дәрілерді онлайн қадағалауға болады

414 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«СҚ-Фармация» базасында емханаларда тегін дәрілердің бар-жоғы бойынша Бірыңғай электронды анықтамалық әзірленуде. Бұл жоба бірыңғай дистрибьютормен денсаулық сақтауды цифрландыру жөніндегі бағдарламаның шеңберінде әзірленіп отыр. Анықтамалық пациенттердің дәрілік қамтамасыз ету бойынша барлық деректерді: медициналық ұйым қандай дәрі-дәрмектерге өтінім берді, дәрілер қашан және қандай көлемде жөнелтілді, ағымдағы сәтте олардың бар-жоғы, сондай-ақ препараттардың келесі жеткізілімінің мерзімдерін онлайн-режімде көруіне мүмкіндік береді. 

Тегін дәрілерді онлайн қадағалауға болады

«СҚ-Фармация» ЖШС Ақпа­раттандыру басқармасының бас­шысы Нұрбол Жұмаділдәнің ай­туынша, бұл жоба тегін меди­циналық көмектің мемлекет ке­пілдік берген көлемі шең­бе­рінде дәрілік қамтамасыз ету үде­­рісінің ашықтығын қам­та­ма­сыз етуге арналған. 

Бірыңғай дистрибьютордың Ақпараттандыру басқар­масы­ның басшысы «Пациенттер сырқаты үшін емхана қандай пре­параттарға тапсырыс бер­генін көре алады. Бұдан бас­қа, олар дереу сол жерде өз дәрілерін алу мақсатында ме­дициналық ұйымға қашан бару керек екенін реттеу үшін, дәрілердің келесі жеткізілімінің уақытын да көре алады. 

Бұдан басқа, ақпараттандыру шеңберінде бірыңғай дистрибьютор Республикалық элек­­тронды денсаулық сақ­тау ор­талығымен бірлесіп, меди­ци­налық ұйымдар жұмыс істеуі тиіс ақпараттық жүйелерді – Дәрілік қамтамасыз етудің ақ­параттық жүйесін және бір­­ыңғай дистрибьютордың Бір­ыңғай фармацевтикалық ақ­параттық жүйесін интеграция­лау бойынша жұмыс жүр­гізуде. Бұған дейін жүйе­лер­дің шашыраңқылығы ста­тис­тикалық есепке алуға да кедергі ке­лтіріп, жұмысты да қиын­датып келген еді, ал олардың әрқайсысында жеке жұ­мыс істеу едәуір уақыт алатын. 

«Сондай-ақ ұйымның жос­парында Бірыңғай дис­три­бьютордың сатып алу рәсім­дерін барынша ашық етуге мүмкіндік беретін сатып алудың электронды форматына көшу, бірыңғай дистрибьютор мен медициналық ұйымдар арасында электронды өзара іс-қимыл жасауға көшу бар. Алдын-ала есептеулер бойынша, қағаз та­сы­малдағыштардан бас тарту республика бойынша жылына 70 млн теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Жоба 1 мамырдан бастап екі аймақта – Қарағанды және Ақмола об­лыстарында қанатқақты түрін­де іске қосылған, ал жыл со­ңы­на дейін бүкіл ел бойынша элек­тронды өзара іс-қимылға көшу жоспарланып отыр», деді Н.Жұмаділдә.