Екі жыл ішінде BI Marathon корпоративтік бастамадан халықаралық марафонға дейін өсті. Ол қайырымдылық пен белсенді өмір салтының әлемдік тренд екенін көрсетеді. Марафон идеясын өзгелерге риясыз көмектесетін ерікті адамдар бастады. Тіркелуден түскен қаражат тікелей «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорына бағытталады. 2017 жылғы марафонда жиналған қаражат жүйке жүйесін белсендіретін Томатис терапиясына арнайы өңделген SOLISTEN құрылғыларын сатып алуға жұмсалды. Оның басты қызметі - есту органын ынталандыру және бас ми жарты шарларының жұмысын үйлестіру. Шиеленіс жағдайындағы балалар эмоциялары мен зейіндерін, физиологиялық қызметтерін жақсырақ бақылай бастайды.
2004 жылдан бастап, қор ерекше қажеттіліктері бар балаларға қаржылай және әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Қор шетелден жоғары білікті мамандарды шақыра отырып, оңалту жұмыстары мен хирургиялық оталар өткізеді. 3,5 жылда церебральді сал ауруына шалдыққан қазақстандық балаларға 468 ота жасалды. Қордың оңалту орталығында 4 жастан 13 жасқа дейінгі 50 бала алғаш рет өздігінен жүре бастады. Сондай-ақ «Менторство» бағдарламасы бойынша отандық дәрігерлерге арналған 70 шеберлік сабағы өтті.
Астана, Алматы және Жаңаөзендегі «BI-Жұлдызай» медициналық оңалту орталықтарында логопед-дефектолог, уқалаушы маман, «Томатис терапиясының» дәрігері, ортопед, невропотолог, ине салу маманы кабинеттері және церебральді сал ауруы, Даун синдромы, гидроцефальді синдром және тб диагноздары бар балаларға арналған емдік дене шынықтыру залы жұмыс жасайды.
Қордың маңызды жобалары –республикалық жыл сайынғы Спартакиада мен ерекше балалар шығармашылығына арналған «Жұлдызай» Фестивалі. Соңғы 13 жыл қатарынан 1 маусым қарсаңында Қазақстанның әр аумағынан жігерленген балалар Астанада жиналады. Барлығы Фестивальге еліміздің 16 облысынан 42 000-нан астам бала қатысқан. ҚР білім және ғылым министрлігі жобаның серіктесі болып табылады.
BI Marathon Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жарқын спорттық мерекеге айналды. Алғашқы марафонға 1700 адам қатысты. Ал 2017 жылы қатысушылар саны 4500-ге жетті. Былтырғыдай марафон қашықтығы 5, 10, 21 және 42,2 км-ді құрайды. Дәстүр бойынша ең кішкентай спортшылар үшін балалар жүгіруі болады.
«Жүгірушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін қажетті шаралар іске асырылады: тейптеу, денені ширату; трассаның әр оныншы шақырымы сумен, жемістермен және толық марафонды жүгірушілер үшін изотониктармен жабдықталған пунктермен бөлінген. Сонымен қатар әр 10 км сайын дәрігерлер мен жедел жәрдем кезекшілікте болады. Көрермендер мен жанкүйерлер үшін кейтеринг пен отандық әртістердің қатысуымен мәдени бағдарлама жоспарланған. Марафонға дейін бірнеше күн бұрын Астана Триатлон саябағында спорттық жәрмеңке өтеді. Онда қатысушылар өздерінің сөрелік нөмірін алып, спорттық тауарлар сатып ала алады. Марафон ұйымдастырушылар комитеті шараның Қазақстан спорт әлемінде жарқын оқиғаға айналып, кең ауқымға қайырымдылық борышы мен салауатты өмір салты құндылығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында бар ынтасын салуда,» - деді BI Road Construction және BI Construction компанияларының қадағалау кеңесінің төрағасы Бауыржан Исабаев.