Аймақтар • 11 Мамыр, 2018

Риддердегі мемориалдық кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші дүние жүзілік соғыс жылдары Риддер қаласындағы госпитальде майданнан жараланып келген жауынгерлер емделіп, кейін осы шаһарда жерленгені мәлім. 

Риддердегі мемориалдық кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді

«Қазцинк» компаниясының Риддердегі бөлімшесінің қызметкерлері осы жауынгерлер жерленген мемориалдық кешенді жыл сайын күтімге алып, жүйелі түрде абаттандыру жұмыстарын жүргізіп отырады. Кәсіпорын еңбеккерлері 9 мамыр мерекесінде өндірісте жұмыс істеген ардагерлерді құттықтап, құрмет көрсетуді де естен шығармайды. «Бүгінгі бейбіт күнімізге Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз зор. Ерліктеріңіз әрқашан елдің есінде», - дейді Өскемендегі металлургиялық кешеннің контролеры Оксана Краснополина.

Қазцинктіктер биыл да жылдағыдай облыс орталығында өткен «Мәңгілік полк» акциясына да белсенді қатысты. «9 мамыр – ең қастерлі мерекелердің бірі. Бейбітшілік пен тыныштықтың қаншалықты құнды дүние екендігін осы күні ұғынып, сезінгендей боласың. «Мәңгілік полк» акциясын әкелеріміз бен аталарымызға деген құрмет, тағзым деп қабылдағанымыз жөн. Майданда қан төккендер мен тылда тер төккендерді ешуақытта ұмытпауға тиіспіз. Соғыстан кейін біздің кәсіпорында еңбек еткен қарияларды да әркез сағынышпен еске аламыз», - дейді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН