13 мамырда өтетін шара «Той думан» 8-ші аймақтық мəдениет жəне спорт мерекесі деп аталады. Биыл іс-шара атақты қолбасшы, батыр, ақын Қожаберген жыраудың 355 жылдығына, қазақ сал-серілерінің рухани ұстазы, ақын, композитор Сегіз Серінің 200 жылдығы мен ұлы Абайдың талантты ізбасары, жаңа қазақ əдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, жазушы, публицист Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналады.
Мәдени іс-шараны Ресейдің байырғы мəдени орталығы - қазақ мəдениетінің «Мөлдір» сібір орталығы ұйымдастырады. «Той думан» Омбыдағы «Агро-Омск» оқу-көрме кешені аумағында ұйымдастырылады. Биылғы той-думанға 10 мыңға жуық қандас қатысады деп күтілуде.