Күрес • 14 Мамыр, 2018

Азия Чемпионатында қазақстандық самбошылар 50-ден астам медаль иеленді

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлан-Батор -  Азия Чемпионатында қазақстандық самбошылар 22 алтын, 16 күміс, 13 қола медаль иеленді. Жалпы медаль саны – 51. 

Азия Чемпионатында қазақстандық самбошылар 50-ден астам медаль иеленді

Қазақстан құрамасы турнир таблицасында 1 орынға жайғасты. Жеңіп алған медальдар саны бойынша екінші орында – Моңғолия құрамасы. Турнир иелері Қазақстанға алтын саны бойынша есе жіберді. Үшінші орында түркімендік самбошылар.

Естеріңізге салайық, мамырдың 11-14 аралығында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында самбодан ересектер, жасөспірімдер мен жастар арасында Азия Чемпионаты өтті, Қазақстан намысын ұлттық құраманың 65 мүшесі қорғады.  Турнир монғол самбосының құрылуына 50 жыл толуына арнады. Азия Чемпионаты осы жылы 29 тамыз -1 қыркүйек аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтетін Азия ойындарына дайындық саналады.