Ерлан Әлібековтың айтуынша, Казгидромет мәліметтері бойынша мамыр айының басында қала аумағында 76 мм жауын-шашын жауған. Оның ішінде 12 мамырда – 14 мм, 13 мамырда 11 мм-ге, 14 мамырда түске дейін 12 мм-ге дейін жауын-шашын болды.
– Ағымдағы жылдың мамыр айында ауа температурасы 16 градустан жоғары болды. Бір айлық жауын-шашын мөлшері қалыптан жоғары болады деп күтілуде, – деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
Сонымен 12-14 мамыр аралығында жаңбырдан болған су тасқынының 24 оқиғасы тіркелді, оның ішінде, жеке үйлерде – 5, жертөлелерде – 2, жеке үйлердің аулаларында – 8 , көшелерде – 9 оқиға орын алған.
Атап айтқанда, Алатау ауданында – 7 оқиға, Алмалы ауданында – 3 оқиға, Әуезов ауданында – 2 оқиға, Бостандық ауданында – 1 оқиға, Жетісу ауданында – 2 оқиға, Медеу ауданында – 7 оқиға, Наурызбай ауданы – 1 оқиға, Түрксіб ауданында 2 оқиға тіркелді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ