Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын заңнамалық қамтамасыз ету бойынша әріптестікті нығайту жайы талқыланды.
Осы ретте агроөнеркәсіп кешені, жайылымдар, субсидиялар, банктер, сақтандыру компаниялары, жер қорын қорғау, су тасқындарына қарсы гидротехникалық құрылыстар мен басқа да ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін заңнамалық реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мен тәжірибе алмасу қажеттілігі де айтылды.
Сондай-ақ, өз кезегінде қонақтар Қазақстанның даму қарқынына тоқталып, біздің елмен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.