Аймақтар • 15 Мамыр, 2018

Ақмола облысында бір жылда 117 жоба іске асырылды

350 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Ақмола облысында бір жыл ішінде 117 жоба іске асырылды. Жобалардың жалпы құны 10,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мәлімдеді.

Ақмола облысында бір жылда 117 жоба іске асырылды

«Рухани жаңғыру» бағдар­ла­ма­сының Ақмола облысын­да жүзеге асы­ры­луының бірін­ші жылғы қоры­тын­­дысын таныс­тыр­ған өңір басшысы об­лыстағы рухани құн­дылықтарды наси­хаттау мен сақтап қалу мақ­са­тында үлкен жұмыстар атқарыл­ға­нын атап өтті. Мысалы, «Рухани қазы­на» кіші бағдарламасы шең­берін­­де республикалық жобалар реестрі­­не 97 әлеуметтік-мәдени және инфра­­құрылымдық жобалар енген. 2017 жылы 298 млн теңгеге 42 жоба жүзеге асқан. Ал биыл 56 жоба бас­талыпты.

«Осы бағыттағы басты нәтиже­лер­дің бірі Ақмола облысындағы 10 нысанның «100 киелі жер» рес­пуб­­ликалық тізіміне енгізілгені бо­­лып табылады. Атап айтар бол­сақ, олардың қатарында Құмай архео­логиялық-этнографиялық ке­­­шені, Абылай хан алаңы, Ке­не­сары үңгірі, Батығай кесе­несі, Оқ­жетпес тауы, Қабанбай ба­тыр мазар-кесенесі, «Беспақыр» және Баубек батыр кесенелері бар. Бү­гін­де бұл нысандар жалпыұлттық игі­лік болып табылады», деді М.Мырзалин.

Әкім атап өткендей, облыста сон­дай-ақ QR кодтар – заманауи техно­логиялар көмегімен киелі нысандар туралы ақпаратты цифр­ландыру бойынша «Ескерткіштер сыр шертеді» атты жоба іске асырылуда. Мәселен, бірқатар аудан­дардағы мәдени нысандарда жерлес демеушілердің қолдауымен жөн­деу жұмыстары жүргізіліп, материалдық-техникалық базасын жаңарту жөніндегі мәселелер шешілген. Жалпы, бір жыл ішінде меценаттар тарапынан 150,8 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

Облыс аумағында Ботай мәде­ние­тін дамыту және насихаттау мақ­сатында Бурабай ауданында «Визит Центр «Ботай» ар­хеологиялық-этно­­графия­лық ке­ше­ні­нің ашық аспан астындағы мұ­ра­жай­ын құру жоспарланып отыр.

Өңір басшысы сонымен қатар «Жаңа гуманитарлық білім «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасының ерекше рөлін атап өтті. «Жаңа гуманитарлық бі­лім» платформасы негізінде 20 ха­лықаралық ғылыми-прак­ти­ка­лық конференция өткізіліп, 50 ма­қала жарияланды, халықаралық кон­ференциялардың нәтижесінде 2 жинақ, 3 монография жарыққа шықты», деді өңір әкімі. М.Мыр­залиннің мәлімдеуінше, облыста «Жер Жәннаты» энциклопедиясы, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен еңбегі туралы бір томдық альбом басы­лып шыққан. Алдағы уақытта Мә­лік Ғаб­дул­линнің еңбектерін 11 том­дық кі­тап етіп жарыққа шы­ғару көздел­ген. Сонымен қа­тар әкім қа­зақ та­ри­хын­­да өткен бел­гілі тұл­ғалардың есім­­дері жаң­ғыр­тылып жатқанын айтты.

«Ақмола облысы сал-серілер елі бо­лып есептеледі. Біздің облыс Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай және бас­қа да тұлғалардың елі. Олар­дың шығармалары халықтың дү­ние­­та­нымын байытып, ұлттық құн­ды­лық­тар деңгейіне айналды. Қазір облыста аймақтың әйгілі тұл­ғаларын одан әрі насихат­тау үшін көптеген жұмыс­тар жүргізілуде. 2017 жыл ақмолалықтар үшін айтулы кезең болды. Президент Жар­лығымен біздің облыстың Ең­бек­шілдер ауданына Біржан сал атамыздың есімі, облыстық фи­лармонияға Үкілі Ыбырай, Көк­шетау қаласындағы ұлт­тық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мек­тебіне Балуан Шолақ аталары­мыз­дың есімдері берілді. Бұл шара­лар жас ұрпақты тәрбиелеу және қоғам­дағы рухани бірлікті одан әрі ны­ғайтуға мүмкіндік береді деп сене­мін», деді аймақ басшысы.

«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Ақмола облысында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және коммуналдық шаруа­шы­лық салаларында жалпы құны 5,2 млрд теңгені құрайтын 59 әлеу­меттік жоба іске асып, 14 жаңа әлеуметтік нысан салынған.

«Қорғалжын ауданында елі­міз­дегі 80 пайыздан астам құс түр­лері мекендейді. Дәл осы жерде рес­пуб­­ликадағы алғашқы аймақтық о­рни­тологиялық орталық ашылды. Бұл жобаны кәсіпкер Құралай Түс­пекова 53,5 млн теңгеге тү­гел­­дей қар­жыландырған және бас­тама­шылық еткен. Маусым айынан бастап алғашқы мектеп экспедициялары басталады. Сонымен қатар осы жылы ор­талық базасында жалпы құны 25 млн теңгеге зертхананың, төрт ба­қылау пунктінің ашылуы, спор­т­тық орнитология фестивалін өт­кізу, кешенді ғылыми-та­ным­дық орнитологиялық іс-шара­лар­ды өткізу жоспарланып отыр», деді әкім. Сондай-ақ ол қазақ­стан­дықтарды өз туған өлкесін сүюге, шық­қан тегін, мәдениетін және халқының салт-дәстүрлерін білуге шақыратын «Туған жер» арнайы жобасы аясында Қорғалжын ауда­нын­да «Балтабек» туристік кешені ашылғанын, онда туристерге атпен серуендеуге және тазы мен төбет тәрізді асыл тұқымды иттердің сүйе­мелдеуімен аңшылыққа шығу ұсы­нылғанын атап өтті. Ал биыл тағы да 30 әлеуметтік жоба бас­тау алмақ. Мысалы, Целиноград ауда­­нын­д­а жергілікті тумалардың бас­та­­ма­сы­мен шамамен 2 млрд теңге кө­ле­­мін­де 2 жаңа мектеп пен 2 ба­­л­а­­бақ­­шаның құрылысы қарас­ты­рылған.

«Жалпы, Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­ма­сын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынды. Өңірі­міз­дің өз құндылықтары, ерек­­ше­ліктері бар, ал ең бас­тысы, рухани құнды­лық­тарды қа­лыптастыру арқылы патриотизмге үндейтін адамдар бар», деп қорытындылады сөзін облыс әкімі.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»