Аймақтар • 15 Мамыр, 2018

Ақтөбеде облыс әкімінің бастамасымен халықаралық форум өтті

187 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бас­тамасы бүгінде әлемдік са­рапшылар мен ха­лықаралық ұйымдардың на­за­­рын аударып отыр. Әлемдегі әр ел қордаланып қалған әлеуметтік түйіндерді шешу жолдарын дербес қарастыруы тиіс дей тұр­сақ та, қазіргі кезде бұл жа­йт халықаралық сипат ала бас­тағаны ешқандай талас ту­ғызбайды. 

Ақтөбеде облыс әкімінің бастамасымен халықаралық форум өтті

Осы орайда өт­­кен аптада Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапар­ба­­­евтың бастамасымен өт­кен халықаралық форум ал­ға қойған мақсатын орындап шықты деуге болады. Оған әлемнің әр түпкірінен мың­­нан астам сарапшы қа­тысуы, географиясының кең­дігі таяу және алыс шетел­дердегі мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің жә­не үкіметтік емес ұйым­дар қауымдастығының бас­та­р­ын қосуға түрткі бол­ға­ны фо­румның басты артық­шы­лы­ғы болмақ. Егер осы құ­ры­лымдардың арасында өзара тиімді ынтымақтастық пен түпкі нәтижені алға ұстайтын қарым-қатынастар болмаса, әлеу­меттік мәселелер мен проб­лемаларды шешу ісі тек құр­ғақ сөз күйінде қа­лып қояды. Бұлай болма­уы үшін не істеу керек? Осы сауалға орай форумда Израиль, Түр­кия, Польша, Грузия және Қыр­ғызстан елдерінен келген әлеу­меттік саланың жана­шыр­лары ұтымды ұсы­ныс­та­ры мен көңілге қо­ным­ды ой-пікірлерін ортаға салды.

Бүгінгі күрделі кезеңде әлеу­меттік мәселелер өзімен-өзі тұйықталып, өз сө­лінде өзі қайнай беруге ти­іс­­ті емес. Оның шешімі көп жағ­дайда кәсіпкерлік құ­­ры­лымдардың әлеуметке қол­дауынан және әлеуметтік-кә­сіпкерлік тұрғыдағы бай­ла­ныстардың тереңдей тү­суі­нен көрініс табуға тиіс. Халықаралық форумның ашылу рәсімі кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Мәдина Әбілқасымова сөз тиегін осы ар­нада сабақтады. Белгілі мем­лекет ауқымындағы қол­ға алынған ілкімді істің байланар қазығы мен тұ­ғы­ры болса, бұл жайт қолға алын­ған шаруаның оң нәти­же көрсетуіне алғышарт қа­­лай алады. Осы орайда Мем­­лекет басшысының бес әлеу­мет­тік бастамасы әлеу­мет­тік мә­селелердің түйінін тар­қа­ту­дың басты кілті болып табыла­ды, деді М.Әбілқасымова.

Сондай-ақ форумда әлеу­мет­тік пробле­ма­лардың оң ше­шімін табуына көмегін ти­гізе алатын кәсіпкерліктің жа­ңа бағыттары мен жолдарын іздестіру және оны әлемдік тре­­ндтердің тасқынына сәй­кес­тендіру әрі ортақ халық­ара­лық тәжірибені одан әрі байыта түсу жөнінде құнды ой-пікірлер айтылды.

Ақтөбе өңірінде жыл сайын әлеуметтік кәсіп­керлік ны­сандар мен мемлекет-же­ке­мен­шік әріптестігі аясын­да бой көтерген сәнді де сәу­­летті әлеуметтік құры­лыс­­тар кеңінен қанат жайып ке­леді. Оның үстіне би­ыл өңір­дегі атқа­рушы орган­дар мен бизнес және кә­сіп­кер­лік құрылымдар өкіл­де­рі, үкіметтік емес ұйым­дар қау­ымдастығы бір жа­ға­дан бас, бір жеңнен қол шы­ғара оты­рып, әлеуметтік мә­се­ле­лерді шешу мен реттеу ісіне жаңа серпін берді. Оның ішін­­де «Аналарға тағзым» жә­­не «Бақытты бала» жо­ба­ла­рының шоқтығы биік тұр. Бір сөзбен айтқанда, облыста халықаралық форумға қатысушылар назар аудара алатындай оң мысалдар мол, үйренуге тұрарлық үрдістер де жеткілікті. Осы орайда форум аясында өңірдегі нысандарды таныстыру рәсімі және семинарлар мен жаңа форматтағы шеберлік кластары өткізілді.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

Суретте: халықаралық форумнан көрініс