Іс-шара Қазақстандағы Өзбекстан жылы арналған Қазақстан мен Өзбекстан жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің Көрмесі аясында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Өзбекстан инновациялық даму министрлігінің өкілдері, «Узтекстильпром» қауымдастығы, «Оңтүстік» АЭА, «Оңтүстік» ИА, «Даму» КДҚ, 50-ге жуық жеңіл өнеркәсіп, текстиль, киім мен тері, фармацевтика, жиһаз, сувенирлер, спорт тауарлары және ойыншықтар сияқты салалар бойынша Оңтүстік Қазақстандық және Өзбекстандық кәсіпкерлер қатысты. Шара барысында ОҚО мен Өзбекстанның бірлескен кәсіпорындарының инновациялық даму мәселелері бойынша Өзбекстан Республикасының инновациялақ даму министрлігінің өкілі Нарметов Э.Э, «Оңтүстік» АЭА» ҚК-нің бас директоры М.Дилдабаев АЭА артықшылығын, Жібек жолы көлік-логистикалық институтының өкілі Искалиев Е.С инфрақұрылымды дамыту туралы, «Оңтүстік» индустриялды аймағының бас директоры Бегулиев Н. Индустриялдық аймақтың инвесторлар үшін артықшылықтары, сондай-ақ «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма Төрағасы Байтөре Қ.Қ қаржыландыру мәселері, индустриялды және инновациялық жобалардың артықшылықтары, оларды қаржыландыру құралдары мен шарттары туралы айтып өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы инновациялық даму министрлігінің өкілдері мен ОҚО әкімдігінің атынан басқарма кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму, ОҚО "Оңтүстік"АЭА"ЖШС ҚК және "Оңтүстік" Аймақтық инвестициялық орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мәні серіктестік қатынас орнату және Меморандумды іске асыру барысында Тараптардың ұзақ мерзімді және өзара нәтижелі ынтымақтастығын дамыту болып саналады.
Шара жалғасында Өзбекстан делегациясы және түрлі компания өкілдері "Оңтүстік" АИО кеңсесіне ат басын бұрды. Қуаныш Байторе қонақтарды "Оңтүстік" АИО және "ЫРЫС" МҚҰ қызметімен таныстырып өтті. Дөңгелек үстел басында, делегация өкілдері бірнеше жобаны таныстырды, сондай-ақ бірлескен жобалар бойынша ИКТ салаларындағы идеяларын ұсына отырып, білім беру, робот-ойыншықтар өндірісі туралы пікірлер айтылды.
Қорытындылай келе, Өзбекстан делегаттары мен қатысушылары ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және алға жылжыту бойынша, сондай-ақ, жаңа инновациялық экспортқа бағдарланған технологиялар құру арқылы жаңа жобаларды іске асыру туралы ой қозғай отырып, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, инновациялық, ғылыми-зерттеу, білім беру және ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады.