Президент • 15 Мамыр, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Агран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы қабырғаға және шатырға арналған материалдарды, шыны және металл бұйымдарын шығаратын «Агран» зауытына барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев «Агран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның қазіргі даму барысы және мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларға қатысу арқылы оның өндірістік қуатын арттыру перспективалары жөнінде мәлімделді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысып, дайын өнім үлгілерін көрді.