Бұл проблема медициналық және әлеуметтік қатерлерге, соның ішінде адамның иммундық тапшылық вирусының (АИТВ) және иммундық тапшылық синдромын (ЖИТС) қоса алғанда, таралуына байланысты біршама алаңдаушылық туғызады.
Осы мәселені зерттеумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың мәліметтері бойынша, 2017 жылы Қазақстанда АИТВ-ның 2 500-ден астам жаңа инфекциясы тіркелді, оның 70 пайызы инъекциялық есірткі қолданатын тұлғаларға қатысты.
Кездесу барысында әлемдік үздік тәжірибені ескере отырып, осы құбылыстармен күресудің тиімді құралдарын қолдану қажеттілігі туралы ортақ пікір айтылды. Аталмыш контексте С.Ротберга еуропалық елдерде, АҚШ-та, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің көпшілігінде белсенді түрде қолданылатын дәрілік заттармен қосалқы терапияның қолданылуын тиімді шаралардың бірі ретінде атап өтті.
Омбудсмен есірткінің заңсыз айналымына және есірткіге тәуелділікті болдырмауға қарсы шараларды өткізудің маңыздылығына көңіл аударып, сонымен қатар оңтайлы халықаралық тәжірибені, оның ішінде құқық қорғау тұрғысынан жан-жақты зерделеу қажеттігін жеткізді.
«Егемен-ақпарат»