16 Ақпан, 2010

ҚАР ОРНЫНА... ЖАҢБЫР ЖАУҒАН ҚЫЗЫҚ КҮН

1199 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Қазақстаннан Канадаға 40-қа жуық спортшы кел­­­ді. Олардың кей­­біреуі осы күн­ге дейін жарыс жо­лы­на шығып та үл­герді. Әзірге қор­жынымыз бос. Алай­­­­да, дәл қазір “Ван­куверден мін­дет­ті түрде медаль аламыз” деп, ешкім нық сеніммен айта алмайды. Өйткені, Қазақстанда қысқы спорт түрлерінің даму барысы баяу. Ванкуверде қардың жоқтығы аздай, күнде жаңбыр жауып, қысқы Олимпия ойындарының ойдағыдай өтуіне кәдімгідей кедергі келтіріп тұр. Соның салдарынан алғашқы күні тау шаңғысы бойынша жарыс өтпей қалды. Мамандардың ай­туын­ша, ауа райының қолайсыз­дығы ашық аспан астында сынға түсетін спортшыларға өздерінің шынайы шеберліктерін паш етуге қолайсыздық туғызуда. Және де 12 ақпанда болған қайғылы оқиға онсыз да әбігерге түскен канада­лық­­тардың салын суға кетірді. Ес­теріңізге сала кетейік, Олим­пиаданың ашылу салтанатының басталуына санаулы сағаттар қалғанда Грузияның 21 жастағы спортшысы Нодар Кумариташвили қаза тапқан болатын. Жаттығу барысында ол шанадан құлап, сол жерде жантәсілім етті. “Би Си Плэйс” стадионында өткен Ванкувердегі ойындардың ашылу салтанаты кезінде бір ми­нөт­тік үнсіздік жарияланып, Ха­лық­аралық Олимпиада коми­тетінің президенті Жак Рогге және ұйым­дас­тыру комитетінің төрағасы Джон Фарлонг қайтыс болған спортшының отбасына көңіл ай­тып, қайғылы оқиғаның орын алғанына өкініш білдірді. Грузия­ның спорттық делегациясы бұл рәсімге қара жамылып шықты. Ал жалпы алғанда ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Үйеңкі жапырақтары елі төртжылдықтың басты додасына жақсы даярланғаны анық байқал­ды. Алқызыл алауды тұтандыру құрметіне хоккейші Уэйн Гретцки, тау шаңғышысы Нэнси Грин, конькиші Катрина Лемей-Доан және баскетболшы Стив Нэш ие болды. Салтанатты кешке сондай-ақ Нелли Фуртадо, Адамс Брайан, Дональд Сазерленд, Жак Вильнев, Бобби Орр сынды көптеген жұл­дыз­дар қатысты. Қа­зақ елі делега­ция­сының туын ста­дионға биат­лон­шы Диас Ке­не­шев ұстап шық­­­­ты. Қазақстаннан Канадаға 40-қа жуық спортшы кел­­­ді. Олардың кей­­біреуі осы күн­ге дейін жарыс жо­лы­на шығып та үл­герді. Әзірге қор­жынымыз бос. Алай­­­­да, дәл қазір “Ван­куверден мін­дет­ті түрде медаль аламыз” деп, ешкім нық сеніммен айта алмайды. Өйткені, Қазақстанда қысқы спорт түрлерінің даму барысы баяу. Оны қарапайым жанкүйерлер ғана емес, спорт басшыларының өздері де мойын­дайды. Сол себепті бүгінгі таңда “барға-риза, жоққа-сабыр” деуден басқа амал жоқ. Отандас­тарымыздың арасынан әзірге ең жақсы көрсет­кішке Елена Хрус­талева қол жеткізді. Биатлон­шы­лардың 7,5 шақырымдық сайы­сында ол бесінші орын алды. Кіл мық­тылар бас қосқан бәсекеде Елена тек словакиялық Анастасия Кузьмина, германиялық Магдалена Нойнер, франциялық Мари Дорен және ресейлік Анна Булы­гинадан қалып қойды. Осы ті­зімдегі алғашқы үш спорт­шы жеңіс тұғыры­нан қол бұл­ғады. Хрус­тале­вамен бірге жа­рыс жолына шық­­­қан Анна Ле­бедева – 52, Марина Ле­бе­дева-58 және Любовь Фили­монова-67 орын­­дарға орналасты. Алғашқы ондыққа енуге фрис­таил­шы Юлия Галышева мен Дарья Ры­бало­ваның да мүмкін­діктері болды. Могул жарысында олар 11 және 14-орындарды иелен­ді. Бұл сайыста АҚШ спортшысы Кирни Ханна алтыннан алқа тағынды. Оның жерлесі Барке Шенон қолаға қол созса, канада­лық Нейл Джени­фер күмісті кеудесіне тақты. Конькишілер жарысы ерлердің 5000 метрлік қашықтыққа жүгіруі­мен басталды. Бұл ретте Голлан­дия­ның асығы алшысынан түсті. Әлемнің үш дүркін чемпионы Свен Крамер 6:14, 60 секөндтік көрсет­кішпен шашасына шаң жұқтырма­ды. Бұл – олим­пиадалық рекорд. Оңтүстік Корея­ның оғыланы Ли Сеун Хун Крамерден екі секөндт­тен астам уақыт қалып қойып, күміс медаль­ді олжаласа, Ресей спортшысы Иван Скобрев үшінші түғырға табан тіреді. Қазақстанның туы астында өнер көрсеткен Дмитрий Бабенконың да қарқыны жаман болған жоқ. Оның уақыты - 6:31,19. Осы нәтиженің арқасын­да жерлесіміз 15-орынға табан тіреді. Сондай-ақ, шаңғымен тұғырдан секірушілер мен шорт-трек шеберлері де күш сынасты. Алғаш­қы спорт түрінен екі жерлесіміз өз мүмкіндіктерін байқап көрді. “К-90” жаттығуы бойынша Николай Карпенко-29 және Алексей Коро­лев – 44 орын­ды иеленді. Бұл сайыста швей­цариялық Симон Амманн топ жарса, польшалық Симон Адам мен германиялық Грегор Шлирен­цауер жүлдегерлер санатына қосылды. Шорт-тректен қазақ­стан­дықтар арасынан бәсекеге түскен ешкім болмады. Ал 1500 метр­лік бәсекеде жүлделі үш орын­ды кореялық Ли Джун Су, америкалық – Аполо Антон Оно және Джей Селски өзара бөлісті. Кеше Қазақстанның спорт­шы­лары биатлоннан 10 шақы­рым­дық спринтте және фристаил­­дан сынға түсті. Биатлоншылар арасында жасындай жарқ еткен ешкім бол­мады. Ең үздік көрсеткішке Ян Савицкий қол жеткізді. Ол 39-орын алса, Александр Червяков, Диас Кенешев және Николай Брай­ченко­ның нәтижелері тіптен төмен. Фристаи­лдан (могул) Дмитрий Рейхерд пен Дмитрий Бармашов күш сынасты. Бар­машов бастапқы сында сүрінсе, Рейхердтің әу бас­тағы шабысы көңілден шықты. Бірақ әлем кубогының кезеңдерінде жақсы өнер көрсетіп жүрген жас  төрт­жылдықтың басты жары­­сында оңбай сүрінді. Ван­куверде Рейхерд 18-орынды місе тұтты. Коман­далық есепте әзірге Франция құрамасының көші ілгері. Фран­цуздар 2 алтын және 1 қолаға иелік етті. Екінші орындағы Гер­манияның еншісінде 1 алтын мен 3 күміс. АҚШ 1 алтын 2 күміс және 3 қоланы олжаласа, одан кейінгі сатыларда Канада мен Оңтүстік Корея. Бұл командалар түрлі-түсті медальдардың әрқай­сынан бір-бірден қоржынға салды. Ғалым СҮЛЕЙМЕН,  арнайы “Егемен Қазақстан” үшін – Ванкуверден.