Фото: Валерий БУГАЕВ
Білімі жоғары, 1995 жылы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетті бітірген. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Инновациялық Еуразия университетінің «Экономика және бизнес», 2019 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша оқып шығады.
Облыстың мемлекеттік басқару органдарында қызмет еткен, ұйымдастырушылық және басқарушылық тәжірибесі бар. 2003 жылы Ақсу қаласы Ақжол ауылының әкімі қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы департаментінде консультант, бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2012-2014 жылдары облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, 2014-2016 жылдары этика бойынша құзыретті орынбасары қызметін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақтоғай ауданының әкімі болды.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар