Байқаудың мақсаты
Байқаудың мақсаты – қазақстандық жиырма бірінші ғасыр мектебіне ақпараттық қолдау көрсету: отандық және халықаралық үздік тәжірибелерді үйлестірген инновациялық мектептер құру, білікті мұғалімдер мен ұжымдардың кәсіби жетістіктерін еліміздің орта білім беру жүйесіне енгізу, қазақстандық мектептерді жаһандық білім кеңістігіне енгізу.
Байқауға 2017 жылғы 1 маусым және 2018 жылғы 1 маусым аралығында қазақстандық және шетелдік БАҚ-та жарияланған талдамалық материалдар қабылданады.
Қазылар алқасы
Александр Тараков – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры;
Бауыржан Омаров – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары;
Сабит Малдыбаев – «Казахстанская правда» республикалық газеті бас редакторының орынбасары;
Айдос Турысбек – «Хабар» агенттігінің бас продюсері;
Мира Алипинова – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметінің жетекшісі.
Байқау қатысушылары
Байқауға өңірлік, республикалық және шетелдік газеттер, сайттар, порталдар, радиокомпаниялар, телеканалдар мен ақпараттық агенттіктердің тілшілері, журналист-фрилансерлер қатыса алады.
Байқауды өткізу мерзімі
Бірінші кезең – материалдарды қабылдау
(2018 жылғы 21 мамыр – 15 маусым)
Екінші кезең – қорытындылау
(2018 жылғы 15 – 20 маусым)
Үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау
(2018 жылғы 20 – 28 маусым)
Жеңімпаздарды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша он жеңімпаз бен бес лауреаттың есімі аталады. Барлық жеңімпаздар мен лауреаттар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және кәдесыйлармен марапатталады.
Байқауды өткізу тәртібі
Байқауға әртүрлі жанрдағы материалдар – мақалалар, очерктер, сұхбаттар, талдамалық материалдар қабылданады (баспа материалдың көлемі 12 000 таңбадан аспауы тиіс).
Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Материалдар өңірлік, республикалық немесе халықаралық БАҚ-та жарияланған немесе эфирге шыққан болуы тиіс. Баспа материалдардың авторлары мақалалардың түпнұсқасын және скрин-шотын (жарық көрген күні, мақала атауымен бірге), Интернет жарияланымдардың – скрин-шотын және сілтемесін, радио және теле материалдарын – электрондық тасымалдағышта скрин-шотымен және сілтемесімен (БАҚ атауы, эфирге шыққан күні) жолдауы тиіс.
Байқауға берілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Материалдар 2018 жылғы 15 маусымға дейін қабылданады.
Байқау материалдары төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:
010000, г. Астана, 31 көше, 37а, офис 316,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының орталық аппараты,
Корпоративтік коммуникациялар департаменті («байқауға» деген анықтаумен) немесе eleuova_a@nis.edu.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Қосымша мәлімет алу үшін төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының орталық аппараты,
8 (7172) 23 57 00 (ішкі 1117), 8 7028407882
eleuova_a@nis.edu.kz, Альбина Елеуова