Спорттық шараның ашулы салтанатында сөйлеген сөзінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жиналған қауымды дүбірлі сайыстың басталуымен құттықтап, спортты серік етуге, саламатты өмір сүруге шақырды. Ұлттық спорт түрлері бойынша «Тұлпар», «Қызылжар арландары» спорт клубтарының жұмыс істейтінін атап өтті.
Жұртшылық қысқа қашықтықтағы майда жорға, құнан, ұшқыр, топ және аламан бәйгелерді қызыға тамашалады. Құнан бәйгеде Қызылжар ауданының «Адате» есімді жүйрігі сөреге бірінші болып келді. Жорға жарыста да қызылжарлықтардың мерейі үстем болды.
Жарыстың көрігін аламан бәйге қыздырды. Ғ. Мүсірепов ауданының намысын қорғаған Мансұр Жастеленов «Василек» тұлпарымен алдына қара салмады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»