Аймақтар • 22 Мамыр, 2018

Солтүстік Қазақстан диқандары тұқым себуді жалғастыруда

144 реткөрсетілді

Облыс диқандары алдында 4,1 миллион гектар жерге тұқым себу жұмыстарын сапалы аяқтау міндеті тұр. Осынша көлемдегі алқаптың 2,7 миллион гектарын дәнді, 1 миллион гектарын майлы дақылдар құрайды.

Күн райының әр  сәтін тиімді пайдаланып қалуды мақсат еткен агроқұрылымдар бүгінде ен даланы қызу еңбек дүбіріне бөлеп жүр. Ауыл шаруашылығы мамандары берген ақпарат бойынша жауапты науқанға 13 мың трактор, 16 мыңға жуық тұқым сепкіш агрегаттар, 1147  егіс кешені тартылған. Тұқым, жанар-жағармай қоры жеткілікті. 123 мың тонна минералдық тыңайтқыш алынған.

Жауапты  науқанға жан-жақты дайындықпен кіріскендердің бірі– Мамлют ауданында орналасқан Зәпкен Шаяхин жетекшілік ететін «Сенім» ЖШС-і. Бидай-сұлыдан  бөлек 500 гектар зығыр, 100 гектар рапс егуді жоспарлап отырмыз. «Боявчанка», «Омбы-35» секілді теріскейдің климатына төзімді тұқым сұрыптары жерсіндірілген. Бағымда екіжүзге жуық қазақтың ақбас сиырлары болғандықтан,  жемазық көлемін де біршама ұлғайттық, дейді білікті басшы. Бақыт Мәнтаевтың техника тізгіндеп келе жатқанына он жылдан асыпты. «Версайтли 435» егіс кешенін ұршықша үйіреді. Канадалық заманауи технка күніне 150-200 гектар алқапқа ырыс дәнін  себуге қауқарлы. Таң атқаннан ымырт үйірілгенге дейін бел жазбайтын механизаторлар үшін үш мезгіл ыстық ас ұйымдастырылған.

Облыс орталығында өткен аграршылардың бас қосқан жиынында  «Атамекен-Агро-Тимирязево» серіктестігінің сандық технологияларды ауыл шаруашылық саласына қолданудағы тәжірибесі таратылған еді.  «Агрожоспар» бағдарламасының тиімділігі өте зор. Бұрындары агрономдар егістіктің құрылымын есептеумен екі айдай айналысса, қазір бірер аптаның ішінде тап-тұйнақтай етеді. Бейнебақылау арқылы топырақтың құрамын, құнарлылығын, алқапқа қанша мөлшерде тұқым, гербицид сіңіру қажеттігін нақты білеміз. Мұның өзі  егістік жағдайына бақылау жасауға, барынша мол өнім алуға мүмкіндік береді, дейді ЖШС директоры Айдархан Есеркенов агротехнологиялардың артықшылықтары жайлы. «Баптай білсең жер жомарт» қағидасын қатаң ұстанған «Ақжер 2010» шаруашылығы 15 мың гектар жерге иелік етеді. Мұнда материалдық-техникалық базаны нығайтуға көңіл бөлініп, жарты миллиард теңгеге соңғы үлгідегі егіс кешендері әкелінген. Астық сақтайтын қойма жаңартылған. Көктемгі дала жұмыстары уақытында жұмысшылардың саны біржарым есеге дейін артқан. Орташа жалақы 115 мың теңгенің төңірегінде. Зығыр, рапс, жасымық сияқты майды дақылдарға басымдық берілген. «Андреевка-СК» шаруа қожалығы да ауыспалы егіс жүйесін тиімді пайдаланып жүр. Жанар-жағармай, тұқым, минералдық тыңайтқыш қажетте мөлшерде әзірленіп, соңғы екі жылда 300 миллион теңгеге техникалар сатып алынған. Қожалық жетекшісі  Серәлі Шариповтың айтуынша қаражаттың бір бөлігі субсидияланатындықтан қайтару соншалықты қиындық туғызбайды. Егістік алқаптарын 400 гектар рапс, 1300 гектар зығыр, 2 мың гектар бидай құрайды. Мұның сыртында жемазық дақылдары тағы бар. Жауапты науқанға 50 механизатор атсалысуда.

Солтүстік Қазақстан тәжірибе стансасының  мамандары топырақта ылғалдың жеткіліксіздігіне назар аударуға, вегетациялық себу мерзімін ұзартып алмауға кеңес береді. Олардың ақылына құлақ асқан Қызылжар ауданының диқандары 16,5 мың гектар алқапқа ылғал сақтау, топырақты өңдеу шараларын тыңғылықты жүргізіп, 20 мың гектар жерге  тыңайтқыш сіңірген. Нөлдік технологияны кеңінен меңгерудің арқасында істе кідіріс сезілмейді. Арамшөптер ментүрлі зиянкестерден қорғану жолдары да ойластырылған.

Атап өтуге болатын маңызды  көрсеткіштердің бірі– биыл майлы  дақылдар көлемі 285 мың гектарға көбейтіліп, 1 миллион гектарға жеткізілуі. Бұл қадам бюджетке қосымша 60-70 миллиард теңге кіріс әкеледі деген болжам бар.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаевтан қалған бағалы шежіре

Аймақтар • Бүгін, 10:09

«Shymkent Bus» автобус паркі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:07

Бір күндік жалақыларын аударды

Қазақстан • Бүгін, 09:59

ҰБТ сынағы қалыпты өтуде

Қазақстан • Бүгін, 09:55

БАҚ өкілдерін құттықтады

Қазақстан • Бүгін, 09:52

Тұтас ұлттың тұғыры

Әлем • Бүгін, 09:48

Ақжайықтағы археология алаңы

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Go Viral: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын

Қазақстан • Бүгін, 09:31

Көмек көрсетуге шақырды

Аймақтар • Бүгін, 09:24

Өткінші дүние

Руханият • Бүгін, 09:21

Төрлетіңіз, Би-аға!

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Аманбай мен Жаманбай

Руханият • Бүгін, 09:04

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 08:59

Ұлт болып ұйысудың үлгісі

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Ұқсас жаңалықтар