Аймақтар • 22 Мамыр, 2018

Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталықта жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми конференциясы өтті

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Курчатов қаласындағы Ұлттық Ядролық Орталықта осымен 17-інші рет өткізіліп отырған жас ғалымдар мен мамандар конференциясы еліміздегі бейбіт атомды насихаттауға әрі дамытуға арналған. 

Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталықта жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми конференциясы өтті

Фото: автор

Конкурстық комиссия мүшесі, Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының ғалым-хатшысы, биология ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Наталья Ларионованың айтуынша, жастардың ғылыми конференциясына 42 делегат қатысып отыр. Биыл да ғылыми жұмыстар толығымен іріктеліп алынды. Былтырғымен салыстырғанда ядролық энергетика саласына ден қоюшылардың қатары артқан.

- Жас ғалымдардың ғылыми конференциясында Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының инженері  Павел Кривицкийдің ғылыми зерттеуі үздік жұмыс болып табылды,-деді ҚР Ұлттық Ядролық Орталықтың Бас директорының міндетін атқарушы Сергей Березин, - ол тұңғыш рет Семей ядролық сынақ полигонының ластанған жерлерін қалай тазартудың керемет жолын ұсынып отыр.

«Өзіндік ерекшелігі бар жұмыс» ретінде Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының эпидемиолог-маманы Айнұр Кенесаринаның зерттемесі аталды. Сондай-ақ, Наталья Ларионованың айтуынша, биыл Атом энергетикасы институтынан инженер Вадим Бочков «Жұмысын көркемдеу үздігі» аталымына ие болса,  осы институттан тағы бір инженер Қуаныш Самарханов оптикалық сәулеленудегі ядролық энергия реакцияларының өзгеруі туралы зерттеулеріне орай конференцияда 3-інші орынды иеленді.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА