Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

Қызылордада жасырын казино ашқан азамат ұсталды

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі саунасы мен жалдамалы пәтерде жасырып казино ашқан азаматты анықтаған болатын деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Қызылордада жасырын казино ашқан азамат ұсталды

Орда бұзар отыздағы жігіттің иелігіндегі саунадан 553 мың теңге 645 доллар және покер үстелі, фишкалар, ойын картасы тәркіленген. Осы жағдайдан амалдап шығып кетуді ойлаған жас жігіт экономикалық тергеу қызметіне бір млн теңге пара ұсынған.

«Қылмыстық істі тергеу барысында саунадағы заңсыз казино мен жалдамалы пәтердегі казино бір өндіріске біріктірілді. Соның нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданып, оған қатысты үкім шықты», - дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Ардақ Биғалиев.

Қазіргі таңда аталған азамат Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы