13 Ақпан, 2010

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

1027 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
12 400 000 000 Өңір бюджетіне өткен жылы осыншама теңге төлемдер түсіп, жоспар асыра орындалды Мемлекет басшысының би­ыл­ғы халыққа Жолдауында кә­сіп­керлік жаңа экономиканың қоз­ғау­шы күші екендігі атап ай­тылып, сала қыз­мет­керлерінен жа­ңа­шы­л­дықты игеру мен ен­діруге қабілетті топ қалыптас­ты­ру міндеттелген еді. Осыған орай өңірлерде аталған саланы дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізу тап­сы­рылған. Жетісу жерінде жыл өт­кен сайын шағын және орта кә­сіпкерлікті дамыту мақсатындағы жұмыс жалға­сын тапса, 2009 жылы 235,3 мың адам жұмыспен қам­ты­лып, өндіріл­ген өнім мен қызмет көрсетудің әдістері жақсара түсті. Шағын және орта кәсіпкер­лік жобаларды несиелендіру мақса­тын­­да “Даму” қорынан 1,5 млрд., облыстық бюджеттен 550,0 млн. тең­ге бөлініп, қар­жылар құнды жо­ба­ларды жүзеге асыруға бағытталды. Өткен жылы облыстық бюд­жетке түскен төлемдер 12,4 млрд. тең­гені құрап, жоспар асыра орын­далды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. 3 203 000 000 Еуразиялық  табиғи ресурстар корпорациясы — ENRC-тің құрамына енетін “Еуразиялық энергетикалық корпорациясы” АҚ өткен жылы осыншама киловатт-сағат электр қуатын өндірді Мұндай өндірістік нәтижелер корпорацияның  көмір өндіру ба­ғы­тында да көрініп, ол  4 мил­лион 636 мың тоннаны құрады. Жалпы, об­лыстағы Ақсу қала­сын­да орна­лас­­қан “Еуразиялық энергетика­лық корпорациясы” АҚ өзінің құрамына Ақсу электр стансасы, “Шығыс” көмір ке­ні­ші және өн­дірістің жөн­деу бө­лімшесі сияқты 3 құры­лым­дық жүйені біріктіреді. Өндірісте бұл күндері 6702 адам жұмыс жа­сайды. Қазір корпорация  инвести­ция­лық бағ­дарлама негізінде 1996 жылы пай­даланудан шыққан №2 энер­гоблокты қалпына келтіру бой­ын­ша жөндеу жұмыстарын жүр­гі­зуде. Энер­гоблок іске қосылған соң, электр стансасының қуаты 325 МВт-ға дейін көбейеді. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар. 140 000 000 “Болашақ” шағын ауданында жақында ашылған бір ауысымда 150 сырқат қабылдайтын 3-ші қалалық емхананың филиалы облыстық бюджетке осыншама қаржыға түсті Оның құрылысын “Ақтөбе-Сәулет” ЖШС жүргізді. Осы ем­деу-профилактикалық мекемесі “Бо­лашақ”, сондай-ақ 11 және 12 ша­ғын аудандар тұрғындары­на медициналық қызмет көрсе­те­ді. Емханада хирургиялық, ин­фекция­лық аурулар, физиотера­пия, дәрі­гер­ге дейінгі тексеру, егу және емдеу бөлмелері, зерт­хана, жылжы­малы флюрография бар. Емхананың балалар бөлім­шесі балалар денсаулығын қорғау ор­талығының рөлін атқарады. Ха­лық­қа медициналық қызмет көр­се­ту мекемесі ере­сектер мен балалар үшін қажетті осы заманғы диагнос­ти­калық қон­дырғылармен, биохи­мия­лық және гематологиялық зерт­­хана­лар­мен жарақтанды­рыл­ған. Шет­елдік озық технология­лар­мен жұмыс істейтін мамандар арнайы курстардан өтіп, кәсіби білікті­лігін жетілдіріп келді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе.