Қазақстан • 25 Мамыр, 2018

Латын қарпіне өтудің төте жолы

343 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарлама­сы­ның аясында қалалық тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен «Қа­зақ әліп­биін латын қарпіне көшірудің өзек­ті мә­сел­елері» тақырыбында  ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұ­мы­сы­на қазақ әліпбиін латын графикасына кө­шіру жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, та­­нымал тілші ғалымдар, білім, ғылым ме­ке­ме­лерінің мамандары қатысты.

Латын қарпіне өтудің төте жолы

Басқосуға қатысқан ғалымдар мен тіл жанашырлары әліпбидің соңғы нұсқасына қа­тысты өзде­рі­нің нақты талап-тілектерін орта­ға салды. «Әліпби түзу деген бер жақ­та­ғы мәселе. Жұмыстың қиы­ны енді бас­талады. Ең бастысы Елбасы Жарлыққа қол қойды. Ал­ды­мызда нақты мақсат тұр. Сон­дықтан әліпби жақсы ма, жаман ба, кем­шілігі бар ма, жоқ па, оған қарамай біз со­ны пайдалануға тырысуымыз керек. Пай­даланудың амалын табуымыз қажет. Елбасы өзі айтқандай, әліпби деген қатып-се­міп қалған дүние емес. Ол жол-жөнекей жөнделе, толық­тырыла түседі. Сондықтан бұл мәселенің көп­шіліктің талқысына түсуі заңды», дейді А.Бай­тұрсын­ұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Әлімхан Жүнісбек. Жаңа латын әліпбиінің сингармологиялық талданымына айрықша тоқталған ғалым бірінші мәселе орыстың нұсқасы бөлек емле ережесін біздің нұсқасы мүлде басқа тілімізге тікелей қабылдап алғандығымызда болып отыр, осының басын ашып алуымыз керек дейді. Сондай-ақ жаңа нұсқаның 11-бабына байланысты ол «дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты және төркіні бөлек орыс тілінің дауысты «и» дыбысы мен қазақ тілінің дауыссыз «й» дыбысын бір таңбамен белгілеуге болмайды. Сондықтан осы бапты алып тастауды сұраймыз» дегенді айтты. Оған қоса жұп дыбыстардың реттік таңбасы ортақ болуы керек. Бұл әдістемелік оқыту жағдайын жеңілдететінін жеткізген ғалым тағы да бірқатар баптарға қатысты өз пікірін білдірді.
Латын графикасындағы орфог­ра­фияның ғы­лы­ми негіздеріне назар аудартқан филология ғылым­да­рының докторы Зейнеп Базарбаева орфо­графия өте күрделі сала, сон­дық­тан сауатты жазу үшін орфо­гра­фия мен ғылыми негіз болу ке­рек екенін айтады. Бұл тұрғыда оның негізгі принциптеріне сүйе­н­­ге­німіз жөн. Ғалымның пікірінше жі­ңі­ш­­­ке­лік белгісінің бізге еш ке­регі жоқ. Син­гармони­зм за­ңына сүйе­ну арқылы жіңіш­ке­лік белгісін қол­­дан­­бастан дұрыс жаза аламыз. 

Профессор Бағдат Момынова: «жазу мә­се­ле­сіне келгенде проб­ле­малар әлі де көп. Болашақ­та ха­­лықтың сауатты болуы, мек­­теп­тер­­дегі сауат­тылық­тың оқы­т­ы­луы бар­­­лығы да емлеге тікелей бай­ла­ныс­ты. Бү­кіл дү­ние жүзіндегі тіл атаулының да­муы мен бо­лашағы үш факторға тәуелді. Оның бірін­­ші­сі мәдени құндылық, екіншісі қа­лып­тас­­қан әлеу­меттік база болуы ша­рт, үшіншісі сая­си күш­тердің тіл сая­сатына араласуы. Бұл фактор­лар­дың барлығы бізде бар. Ең бастысы осының бәрін жүйе­лі түрде жүзеге асыруымыз керек», дейді.

Басқосу барысында «Латын әліп­биінің қыс­қаша тарихы», «Ла­тын әліпбиінің бекі­тіл­ген жоба­сы­ның артықшылықтары мен кем­­шіліктері», «Ла­тын әліп­биінің тех­­ни­калық мүмкіндіктері», «Ме­ди­ци­налық тер­миндерді латын әліпбиімен жазуда еске­рі­ле­тін мә­се­лелер» «Латын қарпіне өту­дің тө­­­те жолы», «Латын әліп­биін иге­ру­­дің әдіс­на­малық ерек­ше­лік­­тері» тәрізді бірқатар тақы­рып­тарда баян­дамалар оқылды. Алматы қа­ласы тіл­дерді дамыту бас­қармасының бас­­шысы Рахат Шимашева жиын­да тал­қы­ланған мә­­­селелер бұл бағыттағы өзекті сау­ал­дар­дың оңтайлы шешімін та­буға оң серпін бе­ре­­тінін айтып кон­ференция жұмысын қо­ры­тын­ды­лады.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ