10 Желтоқсан, 2011

Үшінші болып ЖСДП тіркелді

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 54 кандидат енгізілген партиялық тізімін тіркеді. ЖСДП-ның тіркелген пар­тия­лық тізіміндегі кандидаттардың құрамында бес ұлттың өкілі бар. Олардың 25 пайызын әйелдер құ­райды. Тізімге енгізілген канди­дат­тардың 40 пайызы жасы 55-ке дейінгілер. Ал ең жас үміткердің жасы – 25-те. Білімдеріне келсек, кандидаттардың 96 пайызы жо­ға­ры білімді. Олардың үштен біріне жуығының мамандықтары заң­гер және экономист болып келеді. Үміткерлердің 25 пайыздан астамы түрлі халық шаруа­шы­лығы салаларының мамандары. Жалпыұлттық социал-демо­кра­тиялық партиясынан ұсы­ныл­ған кандидаттардың жартысынан көбі партиялық құрылымдардың немесе басқа да қоғамдық ұйым­дар­дың қызметкерлері болып та­былады. Атап айтқанда, 18 пайы­зы коммерциялық ұйымдарда, 7,5 пайызы ғылым, мәдениет және білім салаларында жұмыс істейді. Орталық сайлау комиссия­сы­ның төрағасы Қуандық Тұр­ған­құловтың хабардар етуінше, 9 желтоқсан күнгі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттарының сай­лауына барлығы 4500 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарға ұсы­ныл­ған 407, аудандық мәслихаттарға – 3392, қалалық мәслихаттарға – 701 кандидат бар. Кешегі күнге дейін мәслихаттар депутат­ты­ғына 63 кандидат тіркелген. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.