10 Желтоқсан, 2011

Балабақша – тәрбие бесігі

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Оған облыстағы бүлдіршіндердің 92 пайызы қамтылған­ Қазір Қостанай облысында бар­лық бүлдіршіндердің 92 пайы­зы мек­тепке дейінгі мекемелерге тар­тыл­ған. Жақында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде партия төр­ағасының бірінші орын­басары Нұр­лан Нығматуллин мұн­дай көрсет­кіштің тек республикада ғана емес, ТМД елдері бо­йын­ша ең үздік жетістік екенін атап көрсетті. Облыста бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемеге  қамту үшін бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Мектептер жанындағы шағын орта­лықтар ашылды. Әсі­ре­се, ол ауылды жерлерде өте қо­лайлы екендігін көрсетті.  Соңғы жеті жылда облыс­та осындай ша­ғын орталықтармен 15 263 бүл­дір­шін қамтылды.  Екінші бағытта бұрын жекелер мен меке­мелердің қолына өтіп кеткен балабақша­лар­дың типтік ғимараттарын қай­тарып алу мақсатында түсінік жұ­мысы жүргізілді. Мысалы, Руд­ный қаласындағы кәсіпкер Сергей Орлов 200 орындық балабақша ғи­ма­ратын тегін қайтып берді. Жеті жылда облыс қалаларындағы 38 осындай  ғи­марат кәсіпкерлерден қай­тарылып алынды. Балабақ­ша­лардың жаңа құ­рылысы үшінші бағытта жүрген жұ­мыстың нәти­жесі еді. Облыс қала­ларында жаңа балабақшалар бой көтерді. Олар­дың жабдықталуы да заманауи талапқа сай.  Қос­та­най қаласындағы жаңа­дан берілген «Наурыз» ша­ғын ау­данында 140 орын­дық балабақша бүл­дір­шін­дер­дің игілігіне ай­налды. Со­нымен қатар жа­ңадан са­лынған  үй­лердің  төмен­гі қабатын­да 40-50 бүл­дір­шінге ар­налған  ш­а­ғын ба­лабақша­лар жасау дәстүр­ге еніп келеді. Соңғы жылдары Қос­танай­да жеке меншік балабақ­шалар қа­тары көбейді. Бұл күнде олардың қатары 16-ға жетті. Оның жетеуі  ауылдық жерлерде бой кө­тер­ді.  Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев­­­тың  ба­с­тамасымен өмір­ге жол­дама алған «Балапан» мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сы бойынша  облыста 20 балабақ­ша, 3 шағын орталық ашылды. Қазір облыста  мек­тепке дейінгі 628 мекеме жұмыс істеп тұр. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. ҚОСТАНАЙ.