«Schlumberger» француздық мұнай сервистік компаниясының өндірістік базасы Каспий өңіріндегі ең ірі инфрақұрылымдық жоба болып есептеледі және әлемдегі көлемі жағынан үшінші сервистік қамтамасыз ету базасы болып табылады.
Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Жұмабай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, «Transparency International» халықаралық рейтингісіндегі Қазақстанның орны және Агенттік бастамасымен қолға алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа жобалармен таныстырды.
Өз кезегінде үкіметтік емес ұйымдардың спикерлері қатысушыларға тұрғындармен кері байланыс механизмдері және Агенттіктің 1424 Колл-орталығы бойынша ақпарат берді.
Компания қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бенероликтерді көрген соң, көкейіндегі сұрақтарын қойып, сауалнамаға қатысып, оларға ақпараттық жадынамалар таратылды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы