Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдері, блогерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы үздік журналистік жұмыстарға байқау (бұдан әрі – Байқау) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында өткізіледі.
Жеңімпаздарды айқындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (ары қарай – Агенттік), басқа да мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ журналистері, блогерлер шақырылады.
Байқауға қатысуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған материалдар (бағдарламалар, деректі фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар, посттар) қабылданады.
2018 жылғы 1 қаңтардан 10 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері қабылданады.
Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.
Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.
Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында және сілтемелерінде) ұсынылуы тиіс.
Ақпараттық агенттіктердің журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.
Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – осы жылдың 10 маусымы.
Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.
Байқау материалдары Агенттіктің мекенжайына 2018 жылғы 10 маусымға дейін келіп түседі.
Байқау материалдарын қарауды материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін байқау комиссиясы жүзеге асырады.
Байқау комиссия ұсынылған материалдарды келесі шарттар бойынша қарайды:
- көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;
- мәселені талдаудың тереңдігі және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері;
- мазмұндау стилі;
- авторлық тұжырымдаманың дербестігі.
Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша бірінші, екінші, үшінші орын алған үздік жұмыстарды анықтайтын Байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:
Үздік телевизиялық жұмыс;
Үздік баспа жарияланымы;
Үздік интернет жарияланымы.
Байланыс ақпараты
010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37, 5-қабат, 513 кабинет, тел. +7 (7172) 909-017, ұялы: +7 701 0000 664, эл.пошта: n.omarova@kyzmet.gov.kz, nikiraomarova@gmail.com