Қазақстан • 01 Маусым, 2018

«Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы аясында елордада қандай жұмыстар жүргізілуде?

1463 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» – біз­дің басты құндылығымыз. Өйтк­ені сананы жаңғыртпай, эко­номикалық жаңғыру же­міс­ті болмайды. Биыл елор­да­мыздың 20 жылдық мерейтойы. Астана 20 жылдың ішін­де бүкіл әлем қызыға көз тік­кен мегаполиске, әлемдік ма­ңызды кездесулер өтетін алқалы үнқатысу алаңына айналды. Қаламыз қарқынды дамып, өркендеудің келесі белесіне қадам басты. 

«Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы аясында елордада қандай жұмыстар жүргізілуде?

Астана қаласының әкімдігі «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы аясында елордада қоғам­дық сананы жаңғыртуға қажетті бар­­лық жұмыстарды белсен­ді түр­де жүргізіп отыр. Қоғам­дық сананы жаңғыртуға бай­ла­нысты Елбасы айтқан 6 не­гізгі ұсыныс бар. Олар: бәсе­ке­ге қабілеттілік, прагматизм, ұлт­тық бірегейлікті сақтау, бі­лім­нің салтанат құруы, Қа­зақ­станның революциялық емес, эволюциялық дамуы жә­не сананың ашықтығы. Біз­дің жүйелі жұмысымыз осы 6 бағытқа негізделген. Қа­зір «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» кі­­ші бағдарламалары бекі­ті­ліп, іске асырыла бастады. 

Айта кететін тағы бір жа­йт, Елбасы Н.Назарбаев өзінің мақаласында: «Бо­ла­­шақ­та ұлттың табыс­ты бо­луы, адамдарының бә­се­ке­ге қабілеттілігімен айқын­да­ла­ды», деген болатын. Сон­дық­тан әрбір азаматымыз осы за­ман­ға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Ол үшін бірінші кезекте білімге үлкен көңіл бөлу қажет. 2050 жылға қарай хал­қымыздың 70 пайызы қа­лаларда тұрады деп күті­лу­де. 

Сонымен қатар жыл­дан жыл­ға қазақ тілді мамандарға сұраныс арта береді. Оны қазірдің өзінде байқауға болады. Сондықтан біз бүгіннің өзінде оқыту процесін 46 пайыздан 65 пайызға дейін қазақ тілінде жүргізу және жаңа ма­ман­дықтарға оқытуды қолға алып отырмыз. Олардың ішін­де техникалық қызметтер жә­не медициналық техника­лар жөндеу, медициналық оп­тика, фармацевтика және т.б мамандықтар бар. Біздің мақ­­­сатымыз – тұрғындарды бә­се­­кеге қабілетті қылу, жо­ға­­ры деңгейлі табыспен қам­та­ма­сыз ету», деді қала басшы­сы.

Ол сондай-ақ Астанада жас­тар арасында спортты наси­хат­тауға ерекше көңіл бөлініп отыр­ғанын алға тартып, са­лын­ған нысандарға сарапта­ма жасады. «Мысалы, өт­кен жылы меценаттардың қолд­ауы­мен №59 мектеп-лицейі жа­нынан жаңа футбол алаңы са­лынды. Жобаның құны – 120 млн теңге. Сондай-ақ был­тыр «Нұрал» балаларды дамыту орталығы ашылды. Аталған нысанды салуға 80 млн теңге жекеменшік инвестиция салынды. Орталықта 8 спорт түріне арналған секциялар қарастырылған. Бұл жерде кәсіби спортшылармен бірге әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балалары, басқа да спортты жандарына серік еткен адамдар жаттығу жасай алады», деді Ә.Өрентайұлы. 

Жиын барысында Астана қа­ла­сының әкімі «Рухани қа­зына» кіші бағ­дар­ламасы шең­­берінде Қазақ­стан хал­қы­­ның мәдени мұ­ра­ла­рын насихаттауға, жаң­ғыр­ту­ға, пат­ри­отизмді қал­ы­п­тастыруға, Отан­ды сүю­ге үн­дейтін 17 жоба іске асы­рыл­­ғанын тілге тиек етті. Осы орайда сарапшылармен бір­лесіп 44 аса маңызды та­ри­хи жәдігерлерді қайта қал­пы­на келтірген арнайы жоба жү­зеге асқан. Ол жәді­гер­лер­дің ішін­де Сәкен Сей­фул­линнің же­ке заттары мен «Алжир» музейі мемориалдық кеше­ні­нің экспонаттары бар. 

Сонымен қатар қала әкі­мі елор­да­ның мәдени өмі­рі­не де шолу жа­сап, тың жа­ңа­­­­лықтармен бө­лісті. ЭКС­ПО алаңында жа­ңа сатира жә­не әзіл театры­ның ашы­луы болады. Атал­ған те­атр­дың көркемдік жетек­ші­сі – Тұр­сынбек Қабатов. Жә­не де Елбасының тапсырма­сы­­мен, «Рухани жаңғыру» бағ­­­дарламасының аясында Ас­тана қаласында Қазақ драма театрының жаңа ғима­ра­ты бой көтереді. Қазіргі уақытта Мә­дениет және спорт ми­нис­тр­лігімен бірге осы ба­ғыт­та жұмыстар жүргізіліп жа­­тыр. Бұдан бөлек, қасиетті орын­­дарды сақтау мақсатында бір­­қатар тарихи және мәдени ны­­сандарға реставрация жұ­мыс­тары жүргізілді. Олар – «Бәйтерек» монументі, Орыс ака­демиялық драма театры­ның ғимараты, «Ата­ме­кен» этно­ме­мо­ри­ал­­дық ке­шені. Өт­­кен жылы бұл ны­сандарды аралаған қо­нақ­тар­дың са­ны 600 мыңнан ас­ты. Со­ның ар­қасында елордаға ке­лу­ші­лер Қазақ­стан­ның тарихы мен тәуелсіз елі­міз­дің даму ке­зеңдерімен, же­тіс­тік­те­рі­мен жете таныс­ты», деді Ә.Исекешев.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»