Аймақтар • Бүгін, 17:42

«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

6 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафаның төрағалығымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды

Кеңейтілген отырыстың негізгі мақсаты – Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ұсынған жаңа Конституция жобасын талқылау және партияның идеологиялық бастамаларын өңір көлемінде кеңінен түсіндіру болды.

«Халық – биліктің бірден-бір бастауы. Конституциялық жаңғыру – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам», деді жиынды ашқан өңірлік филиал төрағасы Садық Мұстафа.

Отырыс барысында «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, қоғам арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының маңызын баяндады.

Ауыл партиясы филиалы

Жиында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, партия орталық аппараты басшысының орынбасары Айгерім Сарсенбаева да Конституциялық өзгерістердің әлеуметтік саясат пен отбасы институтын нығайтудағы рөліне кеңінен тоқталды.

Ауыл партиясы филиалы

Жаңа Конституциядағы отбасы және неке нормалары сарапшылар талқысына түсті

Күн тәртібіне сәйкес Садық Мұстафа «Адал азамат» тұжырымдамасының партиялық идеологиядағы орны мен оның қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызын атап өтті.

Сырдария аудандық филиал төрағасы Жанарбек Нұрымбетов «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы өңірлік жұмыстар туралы баяндаса, Шиелі аудандық филиал төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қанат Жүсіпов «Заң мен тәртіп» идеологиясының қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды

Кеңейтілген отырыс барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Сұрақ-жауап бөлімінде Конституциялық реформаларды халық арасында тиімді түсіндіру жолдары талқыланды.

Аталған басқосу партияішілік жұмыс шеңберін күшейтіп қана қоймай, ел дамуына бағытталған маңызды саяси реформалар бойынша ортақ ұстаным қалыптастыруға арналған диалог алаңы болды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, оны қоғам арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті.

Астанада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

Соңғы жаңалықтар