Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, осы оқиғалардың куәгерлері және олардың ұрпақтары, сондай-ақ жергілікті тұрғындарыда қатысты. Жиында құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, Жалау Мыңбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Ресми мәліметтер бойынша , Маңғыстау облысында 950 адам қуғын-сүргінге ұшырады. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде айтқандай «тарих сабақтары тек қазақстандықтардың қазіргі заманғы ұрпағы түсінген және жүзеге асырған кезде құндылығы бар болып саналады». 20-ғасырда біздің халқымыздың бастан кешірген оқиғалардың сенімді кепілдігі-әлеуметтік бірлік, этносаралық келісім, тұрақты экономика және Қазақстанның жоғары халықаралық беделі. Бастан кешкен қайғылы оқиларды қайталамас үшін біз бұл жетістіктерді бағалай білуіміз керек.
Сондай-ақ, Ақтауда салтанатты митингтер, қуғын-сүргінге орай фильмдер мен спектакльдер көрсетілді. Маңғыстау облыстық драма театрында «Болашақ үшін естелік» спектаклі көрермен назарына ұснылды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы