10 Желтоқсан, 2011

Вагон тапшылығы шешіледі

343 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын шығаратын алғашқы зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы вагондардың аспа­лы жабдықтау монтаждық учаскесінде бо­лып, ішкі жабдықтар мен интерьерді құ­рас­тыру учаскесіне арналған өндірістік үде­рістермен, қосымша тіркеу және ста­тис­тикалық сынақ цехымен танысты, сон­дай-ақ бір жолаушы вагонын көріп шықты. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті А.Мамин Нұрсұлтан Назарбаевқа зауыттың негізгі техникалық сипаттары, жо­лаушылар қозғалысының жылдам­ды­ғын шектеу мен дамыту жоспары туралы баяндады. Зауытты аралау кезінде Мемлекет бас­шысы зауыттағы статистикалық стендтік сынақтар өткізу цехын іске қосты. Нұрсұлтан Назарбаев зауыттың жұ­мыс­шыларымен әңгімелесті. – Индустриялық бағдарламаны іске асыру еліміздің таяу жылдардағы басым міндеттері болып табылады. «Тұлпар-Таль­го» зауыты – Тәуелсіздік күніне тамаша сыйлық. 2015 жылы жергілікті өнім Қа­зақстан бойынша пайдаланылатын бо­ла­ды. Біздің көлік жүйесі жұмысының тиімділігі едәуір артады, – деді Мемлекет басшысы. Жаңа зауыт құрылысының жобасы ис­па­ниялық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылған. Оның жобалық қуаты – жы­лына 150 жолаушы вагонын шығару. Жо­ба­ның құны: 8,8 млрд. теңге. Зауытта 18, 12, 10 орындық вагондар, сондай-ақ мүге­дек жолаушылар үшін 6 орындық вагондар шығарылатын болады. Вагонның орташы құны – 780 мың еуро. Вагондар Қазақ­стан­ның климаттық жағдайына бейімделіп жа­салады, олардың конструкциялық жыл­дам­дығы сағатына 350 шақырымды құ­райды. Технологиялық үдеріске қозғалмалы бөл­шектерін құрастыру, ауа және элек­тр­мен жабдықтау жүйесін қосу, купе эле­мент­терін дайындау, қорабын дәнекерлеу және сырлау, жабдықтардың жекелеген түр­лерін дайындау және монтаждау жата­ды. Техникалық қадағалауды еуростан­дарт­тардың талаптарының орындалуына бақылау жасайтын испан тарабы жүзе­ге асырады. Сондай-ақ зауыттың жұмыс­шылары Испанияның зауыттарында оқып келген. Аталған жобаны іске асыру жо­лаушылар вагондарына тапшылық мәсе­лесін шешуге, пойыздар қозғалысындағы қауіпсіздік деңгейі мен жолаушылар қо­лайлылығын арттыруға, қазақстандық темір жол көлігінің бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтуға мүмкіндіктер туғызады. Сон­дай-ақ жаңа жолаушылар вагондарын құ­растыру кезінде жекелеген түйіні мен бөл­шектерін дайындауға арналған тапсы­рыстарды орналастыру есебінен бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары өндірісінің көлемі ұлғайтылатын болады.

-----------------------------------------

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.