КӨЛДЕНЕҢІНЕН: 1. ХХ ғасырдың басында ғұмыр кешкен қазақтың ақын-әнші қызы. 3. Планета. 5. Көші-қон кезінде тігілетін шағын баспана. 7. Жыртқыш аң. 8. Вена классикалық мектебінің негізін салушы аустрия сазгері. 9. А. Бектің шығармасы. 11. Мүшелдік жыл атауы. 13. Патшалық Ресейдің қазақ жеріндегі уезі. 15. Азалы сөз. 17. АҚШ штаты. 18. Діни адам. 20. Түйе сүтінен ашытылатын сусын. 21. Ұстамалы бас ауруы. 23. Қыс мүсіні. 26. Ұйғырдың ақын қызы. 29. Торлытемір сауыт. 31. Ашыған сүт. 33. Эпостық батырлар жырының кейіпкері. 35. Тұрақ жай, қоныс. 36. Фосфаттар класындағы минерал. 38. Көкпен таласа өсетін ағаш. 39. Имек қылыш. 41. АҚШ пен Латын Америкасы елдеріндегі мемлекеттік заң қабылдаушы орган. 42. Ұлттық ойын. 43. Дара желектілер тұқымдасына жататын ағаш. 44. Айтқа дайындалатын күн.
ТІГІНЕН: 1. Мирасқор адам. 2. Әуе толқынын ұстаушы адам. 3. Мата түрі. 4. Қыстық киім. 6. Ай аты. 7. Зиянды жәндік. 9. Тамырланып өсетін шөп. 10. Мейрам-тойлардағы сәнді көрініс. 12. Құрманғазының күйі. 13. Қабыршық тәрізді өсімдік. 14. Сұйық көже. 16. Тұрық асық. 18. Аустриялық әйгілі сазгер. 16. Республикалық салалық басылым. 21. Ежелгі Римдегі құлдар көтерілісінің көсемі. 22. Ірі қара малының жұқпалы ауруы. 24. Солтүстік полюс. 25. Мал ауруы. 27. Иран жеріндегі тау массиві. 28. Көңілге медеу, сүйеніш. 29. Бас қала. 30. Таза тұқымды нар. 32. Египет мемлекетінің саяси қайраткері. 34. Қанатты тұлпар. 35. Тазалық үйі. 37. Жадылау ішірткісі. 40. Шахмат термині.
Бұл кім?
Ол өзi өмiр сүрген заманында тауқыметтi көп көрген күйшi. Өмiрiнiң көбiн қуғын-сүргiнде өткiзген ол Орда, Үркiт, Астрахань, Мәскеу түрмелерiнде болып, Сiбiрге жер аударылды. Ең бастысы домбырада оның атымен аталатын ...... деген пайда болды.
Сонда бұл кiм?
Музыкалық викторина
• Қазақ сазгерлерiнiң ең алғашқы съезi қай жылы өттi?
• Қазақ әртістері арасында ең алғаш рет КСРО халық әртісi деген құрметтi атаққа ие болған кiм? Ол сол кезде қанша жаста едi?
• Қазақ Республикасының халық әртісi атағына ең алғаш ие болған кiм? Ол қандай орденмен марапатталды?
• Қазақ сазгерлерiнiң арасында студент кезiнде Қазақ КСР Мемлекеттiк сыйлығына ие болған сазгердi бiлесiз бе? Ол кiм, қашан, қандай шығармасы үшiн алды?
• КСРО Мемлекеттiк сыйлығына бес мәрте ие болған КСРО Халық әртісiнiң «Қазақ КСР-нiң еңбегi сiңген әртісi» деген де құрметтi атағы бар. Ол кiм?
Таныс та бейтаныс мексикалықтар
1. Панчода да, Паблода да мұрт жоқ;
2. Ал менiң атым өте қысқа емес;
3. Педроның мұрты бар;
4. Ал менiң атым Пабло да, Пако да емес.
Мексикалықтардың атын қайсыларың ажырата аласыңдар?
Сенесіз бе, сенбейсіз бе?
– 100 жылдық соғыс жүз емес, 116 жылға созылған.
– Наполеон армиясында солдаттар генералдарға сен деп айтатын болған.
– Президент Тафттың салмағы 160 кило болған.
– Рим армиясында бiр палаткаға он адам жататын болған, ал олардың басшысын декан деп атаған.
– 1849 жылы сенатор Дэвид Атчисон бiр ғана күнге президент болған және оның көбiн ұйқымен өткiзген.
– Уинстон Черчиллдiң нағашы жағынан арғы аталары үндiс болған.
– АҚШ-тың 17-президентi Эндрю Джонсон өз киiмiн өзi тiккен.
– Телефонды алғаш пайдаланған АҚШ президентi – Джеймс Гарфилд.
– Рим императоры Юлий Цезарь қайызғағын жасыру үшiн басына лаврдан тәж киiп жүрген.
– Клеопатра өзiнiң туған атасы Птоломейге тұрмысқа шыққан.
– Ақ үй қабырғасында үйленген жалғыз АҚШ президентi – Гровер Кливленд.
– АҚШ президенттерiнiң ең бәкенесi Джейм Мэдисон (1,62 м), ал ұзыны Абраам Линкольн (1,93 м) болған.
– Д.Вашингтон өз бағында марихуана өсiрген.
– Он және жүз долларлық банкноттарда бейнеленген Александр Гамильтон мен Бенджамин Франклин АҚШ президенттерi болмаған.
Дайындаған
Қыдырәлі ҚОЙТАЙ