Қазақстан • 05 Маусым, 2018

Ұлыбритания депутаттары Қазақстанның экономи­ка­лық жетістіктерін жоғары бағалады

364 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республи­касының Сыртқы істер министрлігіне Ұлы­бри­тания парла­ментін­дегі Қазақ­станмен ынтымақтастық жөнін­дегі Бүкілпартиялық тобының мүшелерінен тұратын бри­тандық депутаттар келді.

Ұлыбритания депутаттары Қазақстанның экономи­ка­лық жетістіктерін жоғары бағалады

­­Қазақстандық БАҚ өкіл­деріне арналған брифинг барысында делегация бас­шысы – Қазақстанмен ынты­мақтастық жөніндегі топ­тың төрағасы Боб Стюарт Астанадағы сапары мен келіс­сөздерден алған өзі­нің әсері туралы айтты. Ол британдық парламентте Қазақстанның «өкілі» болу­ды мақтан тұтатынын атап өтті. «Ұлыбритания Қазақ­с­танды болашақтың елі, ин­вес­тицияларға ашық, заң­дарды ұстанатын және қыс­қа мерзімде жаңа өзге­ріс­терге бейім барынша болу­ға тырысқан ел ретінде қарас­тырады», деді Б. Стюарт.

Депутаттар тәуелсіздік жылд­арында қол жеткіз­ген Қазақстанның экономи­ка­лық жетістіктерін жо­ға­­ры бағалады. Олар Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев­тың еліміздің қазіргі жетістіктеріндегі ерекше рөлін атап өтті. «Біз Президенттің саясаты халық тарапынан үлкен қол­дау көріп отырға­нын бай­қадық. Президент 27 жыл ішінде елдің осындай даму деңгейіне жету үшін тамаша жұмыс істеген», деді Б.Стюарт.

Британдық депутаттар Назарбаев университетінде қазақстандық студенттермен әңгімелесті. Оларды жас­тардың өмірлік ұстанымы, білімге деген құштарлығы және болашаққа деген сенім­ділігі таңғалдырды. Бри­тандық депутаттардың пікі­рінше, бұл Қазақстанның қа­зіргі күні қандай екенін және болашақ­та қандай бо­латындығын көрсететін ең жақсы дәлел болып табылады.

Журналистердің Қазақ­стан мен Ұлыбритания ара­сын­­дағы ғылыми және мәде­ни ынтымақтастықты кеңейту туралы, британдық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студент­тердің санын арттыру туралы сұрағы­на жауап бере отырып, Ұлыбритания парла­менті лордтар палатасы төраға­сының орынбаса­ры Лорд Дэннис Роган қазақ­стандық студент­терді өз елін­де ғана қабыл­дап қоймай, соны­мен қатар Ұлыбритания студенттерін де Қазақстанға оқуға жіберуді ұсынды.

Британдық депутаттар­дың Астанаға жасаған сапа­ры­ның мақсаттарының бірі Қазақстанның инвес­тиция­лық әлеуетін зерттеу болған. Британдықтар Қазақстан Үкіметі «KAZAKH INVEST» арқылы іске қо­сыл­ған ин­весторларға қол­дау көрсету тетігі Ұлыбри­таниядағыдай жұмыс істейтінін атап өтті.

«Егемен-ақпарат»