Суретте: Аударыспақ сайысының жеңімпаздары
Алғашқы күні ұйымдастырылған теңге ілу сайысының шарты – 150 метр қашықтықты 20 секунд ішінде шауып өтіп, жол ортаға тігілген 5 теңгені іліп алу. Ілінген теңге саны бірдей болған жағдайда, шауып өткен жылдамдығы ескерілді, дейді жарысты ұйымдастырушылар.
Сонымен теңге ілудің алтын медалін 1 500 000 теңге жүлдесімен қоса оңтүстік өкілі Мағжан Сапарбеков жеңіп алса, күміс жүлде де жеңімпаздың ауылдасы Ғалымжан Изжановқа бұ-
йырды. Қола медаль қырғызстандық Амантур Минуурұлына бұйырды.
Келесі күні бес салмақ бойынша аударыспақтан өткен сайыстың барлық жеңімпаздары қазақстандық спортшылар, яғни жерлестеріміз болды. Атап айтқанда, 60 келі салмақ дәрежесі бойынша: 1-ші орын – Серғазин Азамат (Қазақстан); 2-ші орын – Матей Базарбай (Моңғолия); 3-ші орын – Сағанбеков Акыл (Қырғызстан).
70 келі салмақ дәрежесі бойынша: 1-ші орын – Ержанов Шыңғыс (Қазақстан); 2-ші орын – Мохаммед Исхад (Ауғанстан); 3-ші орын – Бакболат уулы Азирет (Қырғызстан).
80 келі салмақ дәрежесі бойынша: 1-ші орын – Рахмәтіллә Есімхан (Қазақстан); 2-ші орын – Минурұлы Амантур (Қырғызстан); 3-ші орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия).
90 келі салмақ дәрежесі бойынша: 1-ші орын – Ізбасаров Сырым (Қазақстан); 2-ші орын – Холов Фархот (Тәжікстан); 3-ші орын – Байысғалан Досжан (Моңғолия).
+ 90 келі салмақ дәрежесі бойынша: 1-ші орын – Қосалиев Біржан (Қазақстан); 2-ші орын – Талипов Ихтияр (Өзбекстан); 3-ші орын – Жұмабек Думан (ҚХР).
Бұлардың сыртында аударыспақтан жарыстың «түйе балуаны» анықталды. Яғни абсолютті салмақ бойынша 10 азамат сайысқа түсіп, чемпиондық белдік пен 2 миллион теңге жүлде қоры ақтөбелік Арман Сағынбаевтың қанжығасына байланды.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»