Аймақтар • 05 Маусым, 2018

Шығыс Қазақстанда «Аяулы жас келін-2018» атты облыстық байқау өтті

568 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай ауданының 90 жылдығы қарсаңында аудан орталығында «Аяулы жас келін-2018» атты облыстық байқау өтті. 

Шығыс Қазақстанда «Аяулы жас келін-2018» атты облыстық байқау өтті

Фото: автор

Ол Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен Шәкәрім Құдабердіұлының 160 жылдығы құрметіне арналды. Байқауға облыстың әр аудандарынан келген 13 келін қатысты. Жиынды аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров ашып, қазақтың салт-дәстүрлері осылайша насихатталып жатқанына ерек­ше ризашылығын біл­дірді. Сайыстың бас ұйым­дастырушысы Шығыс Қа­зақ­­стан облыстық жастар ре­сурс­тық орталығының ди­рек­торы Арайлым Есім­бекова қатысушыларға қойы­латын талаптарды түсін­діріп, қазылар алқа­сының мүше­лерімен таныстырды.

Облыстық байқаудың бірінші бөлімі «Ас – адам­ның арқауы» деп аталған­дықтан, келіндерге арнап далада қос ақшаңқан киіз үй тігілді. Аулада қазан-ошақ пен 13 самаурын тізіліп қойылды. Қос киіз үйдің бі­рінде ке­ліндер үйден пі­­сіріп әкел­ген қазақтың ұлттық та­ғам­дарынан дас­тар­қан әзір­ленді. Оның ба­ғасын қазылар анықтап жатты. Екінші киіз үйде бауырсақ пісіріп, өнерлерін көрсету үшін келіндер іске кірісті. Самаурыннан сүт қосқан шай демдеп, құйып беру де, оны ізетпен ұсыну да келіндердің мойнына түскен бір сын болды. Бауырсақты пісіруден Зайсан ауданынан келген Айнұр Какеева алға озып шықты. Бұдан соң әр келін өз қолдарынан шыққан ұлттық тағамдарды таныс­тырды.

– Әр елдің салты басқа демекші, келіндердің барлығы бір облыстан болса да, тіпті аудандардың ішінде ұмы­тылып бара жатқан әсіп, бы­ламық, жонқуырдақ сияқ­ты ұлттық та­ғам­дарды дайындап, жұртшылықты таңғалдырды, деді ШҚО мәслихаты қоғамдық қабыл­дау бөлімінің жетек­шісі Бұлбұл Бакинова.

Бұдан соң сайыс Мәде­ниет үйінің концерт залында жалғасты. Бұл бөлімде келіндер бойындағы ақыл-ой, парасаттылығын паш етті. Сонымен «Аяулы жас ке­лін-2018» байқауы мәре­сіне жетіп, барлық қаты­­сушы­ларға Абай ауда­ны әкі­мінің жеке атау­лы сыйлығы табысталды. Бас жүлде «Аяу­­лы жас ке­лін-2018» ата­ғын зайсандық Айнұр Какеева же­ңіп алып, 100 000 теңге қар­жылай марапатқа ие болды.

Раушан НҰҒМАНБЕК,
журналист

Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы