13 Желтоқсан, 2011

Достық аллеясы

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қар­саңында облыс орталығынан этно-мә­дени орталықтар аллея-алаңы ашылды. Онда әрбір этно бірлестіктердің ұлт­тық болмысына сай жасалған шағын мүсіндері бар. Мысалы, «Ватан» әзер­бай­жан этно бірлестігі Әзербайжан Рес­публикасы бейнеленген картасын, қыз мұнарасын, гректер Афродитаның мүсі­нін, қырғыздар шаңырақ, домбыра, бүр­кіттің бейнесін, армяндар армян сәулет өнерін, славян орталығы матрешка­ла­рын қойған. Ары қарай поляктар, болгарлар, украиндар, белорустар, корейлер, ұй­ғыр­лар өз халқының ұлттық дәстүрлеріне сай белгілерін қойған. Аллея ішінде ор­ын­дықтар қойылған, бір сөзбен айт­қан­да, тағы бір демалыс орны ашылды. Осының бәрі де жақсы-ау. Тек аллея ортасынан орын алған киіз үйдің жа­ла­ңаш тұрғаны көңілге бір түрлі көрінеді. Қашанда жақсылықты ырымдайтын халықпыз ғой, сол киіз үйімізді ашық-шашық қалпында қалдырмай, ұлттық дәстүрге сай келбет берсек, нұр үстіне нұр болар еді. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.