13 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1248

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 31 қазан,   Астана, Үкімет үйі Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. МӘСІМОВ. Толық мәтіні