Білім • 08 Маусым, 2018

Солтүстік Қазақстанда грант саны бес есе көбейеді

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов облыстық әкімдіктің отырысында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті әлемдік талаптарға сай болу  қажеттігін атап көрсетт.

Солтүстік Қазақстанда грант саны бес есе көбейеді

Жасыратыны жоқ, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы көп жылдар бойы жаңартылмай келген. Жатақханалар әбден ескірген. Оқу ақысының қымбаттығынан студенттер саны азайып кеткен.

«Мектеп түлектерімен  жағымды жаңалықты бөліскім келеді.Жоғары оқу орны жанынан заманауи корпус тұрғызылатын болады. Сонымен қатар жатақхана да салынады», деді  Қ. Ақсақалов.

Биыл М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне 1000 грант бөлінеді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 есе көп.  «Техникалық ғылым және технология», «Ауыл шаруашылық ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» секілді 29 жаңа мамандық түрлері оқытылмақ. Жалпы медицина, фармация мамандықтарын ашуға лицензия беріліпті. Интернатура ашу да жоспарланған.

Қазір мұнда 5,5 мың студент білім алады. Келесі жылы студенттердің санын 7 мыңға дейін ұлғайту көзделген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».