Қазақстан • 09 Маусым, 2018

Ақпарат және коммуникациялар министрі «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында болып, тұрғындармен кездесті.

Ақпарат және коммуникациялар министрі «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары министрдің жеке қабылдауына келсе, ал Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарынының жұртшылығы бейнеконференция арқылы байланысқа шықты. Қойылған сұрақтардың басым бөлігі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері мен шалғай жатқан өңірлерге ғаламтор желісін тарту туралы болды. Сондай-ақ салық және кеден саласын инновациялық цифрландыру туралы жобасын ұсынып, қолдау көрсетуді сұраған жас ғалымдардың да өтініштері тыңдалды.   

- Коммерциялық мақсатта емес, мониторингті дұрыстау және салық жағын ескере отырып, толық қарастырылған болатын. Коммерциялық емес, халыққа пайдалы жағын қарастырып отырмыз, - деді жас ғалым Нұржан Мұталхан.