Бокс • 09 Маусым, 2018

Бокстан Президент кубогының финалистері анықталды

197 реткөрсетілді

Президенті кубогы үшін бокстан Халықаралық турнирінің финалистері анықталды.

Ерлер. 49 келіде Жомарт Ержан - Теміртас Жүсіпов, 52 келіде Әнуар Мұзафаров - Ладон Роген Сиага (Филиппин), 56 келіде Қайрат Ералиев - Дюк Ламонд Раган (АҚШ), 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов - Икболжон Холдаров (Өзбекстан), 69 келі салмақта Абылайxан Жүсіпов - Асланбек Шыңбергенов, 75 келіде Әбілxан Аманқұл - Ерік Әлжанов, 81 келі салмақта Бек Нұрмағамбет - Бектемір Меликузиев (Өзбекстан), ал +91 келіде Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Максим Бабанинмен жұдырықтасады.

Қыздар арасында төрт боксшымыз финалға шықты. 57 келіде Сәния Сұлтанқызы жапондық Хирута Мицукимен кездеседі. 60 келіде екі қазақстандық боксшы - Римма Волосенко мен Айжан Қожабекова алтынды сарапқа салса, 75 келіде Дариға Шәкімова швециялық Лав Холгерсонмен күш сынасып көреді.

Президент кубогы үшін Халықаралық бокс турнирі Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде өтіп жатыр. Ертең, сағат 13:00-де финалдық жекпе-жектер басталады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Кеше

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Кеше

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Кеше

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Кеше

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Кеше

Алматыда жарық сөніп қалды

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар