Құрлықтық бәсекеге 12 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі таңда чемпионатқа Иран, Ирак, Үндістан Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Жапония, Монғолия, Түркменстан мемлекеттері қатысатындығын растады.
Жылдың байрақты бәсекесінде ел намысын ерлер арасындағы Әлем чемпионы Карменов Алишер, 2015 жылдың Азия Чемпионы, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Гарас Никита, әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабырхан Әлемгул, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сауытова Мадина сынды еліміздің үздік жас татами шеберлері қорғайтын болады.