Тәрбие • 11 Маусым, 2018

Ұлттық рух – темірқазығымыз

249 реткөрсетілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламалық мақаласын оқып шыққанда, қазақ хал­­қының сан ғасырлық аңсаған арманы, неше түр­лі қанды қырғындарды бастан кешіре жүріп, жет­сем деген мақсат-үміті тізіліп көз алдыма келген­дей болды.

Бұл мақаладан түйгенім – қазақ халқының рухани құн­­дылық­тарын қалыпқа түсіру, түген­деу, саралау, заман талабын еске­ре отырып тура жолға қою және да­мытуға арналған бағдар­лама­лық құжат деуге толық негіз бар. «Біздің мақсатымыз ай­қын, бағытымыз белгілі. Ол – әлем­дегі дамыған 30 елдің қатары­на қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаң­ғы­рып отыруы тиіс», дейді Елбасы. 

Бұл ретте рухани жаңғыру­дың ең басты шарты – ұлт­тық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұс­тап, әлемдік өз­геріс­терге сай жаңаша ойлау жүйе­сін қалып­тастырғанымыз абзал. Ұлттық код дегеніміз – қазақ хал­­қы­ның жаратылысы, табиғаты, рухани бітімі, өмір салты. Ме­нің ойымша, қанымызға сің­ген ұлттық ру­хы­мыз – небір күйзе­ліс­терден аман алып келе жатқан темір­қазық іспеттес. Рухани құндылықтарымызды заман­ға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақ­тың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасыр­дың жаңа ұрпағын қа­лыптастыруға атсалысып жат­қан ел ағаларына алғысым шексіз. 

Расында да, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музы­камыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпыұлттық ру­хы­мыз бойымызда қалуы тиіс. Қорыта айт­қанда, ұлы тұл­­ғалардың құн­ды­лықтарға толы мұралары – рухани байлығымыздың қайнар көзі. Бұл байлықты ұрпақ игі­лігі үшін пайдалансақ, бізді жарқын болашақ күтіп тұр­ғаны айтпаса да түсінікті. Бұл жаңғыру ұлты­­мызды өрге, ғұрпымызды төрге бастайды. Сондықтан әрбір жастың санасында «Ұлттық кодым – менің ұлттық мақтанышым» деген патриоттық сезім болуы тиіс. Ұлттық жаңғыру – жас ұр­пақты жаңаша ойлап, жаңаша іс істеуге үйретеріне сенімім мол.

 Гүлжайна БЕЙСЕНБАЙ, 

  Б.Момышұлы атындағы  

№6 мектеп-гимназияның 

10-сынып оқушысы 

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Мақтаарал ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Келесі кезеңге шықты

Спорт • Бүгін, 11:41

Полицейдің бір күні

Қоғам • Бүгін, 11:32

Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі

Руханият • Бүгін, 11:22

Көмекей әулие туралы кітап

Руханият • Бүгін, 11:17

Күйшілердің саябағы

Руханият • Бүгін, 11:17

Тіл табиғатын бұзбайды

Қоғам • Бүгін, 11:13

I Гендерлік форум өтті

Қоғам • Бүгін, 11:06

Абыройы асқақ азамат

Руханият • Бүгін, 11:06

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Мақсатымыз айқын

Саясат • Бүгін, 10:37

Ердің еңсесі қашанда биік

Саясат • Бүгін, 10:34

Әке деген ұлы есім

Қоғам • Бүгін, 08:25

ҰБТ-2019: қандай өзгеріс бар?

Қазақстан • Бүгін, 08:17

Ұқсас жаңалықтар