13 Желтоқсан, 2011

Әріптестік әлеует әңгімеленді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Нью-Йоркте қазақстандық-америкалық инвес­тиция­лық форум болып өтті. Форумға қатысушылар мұнай-газ және атом өндірісі, жаңғыртылатын энергия көздері, телекоммуникация, экономиканың аграрлық және қаржылық секторларындағы әріптестік мүмкін­дік­терін талқылады. Форум АҚШ-тың ин­вес­тициялық күнтізбесіндегі жыл сайынғы оқиғалардың ішіндегі ажырамас бөлігі болып табы­ла­ды және ең жоғары дең­гей­дегі қолдауға ие. Оның жұ­мы­сына екі тараптың мемлекеттік орган өкілдері мен бизнес топ­тары қатысты. Қазақстандық делега­ция­ны Экономикалық ин­те­гра­ция істері министрі Жанар Айтжанова басқарып бар­ды. Тікелей желіде жүр­гі­зілген телеконференция арқы­лы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов форумға қатысушы­ла­рға құттықтау сөзін жеткізді. Ол өз сөзінде еліміздің тәуел­сіздіктің 20 жылында қол жеткен жетістіктерін атап өтіп, мем­лекетіміздің қазіргі эконо­ми­калық саясатының негізгі мақ­сат­тарымен таныстырды. Ал Қа­зақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыды­рысов тәуелсіз Қа­зақстан даму­ын­дағы АҚШ елінің маңызды рөлін жеткізсе, «Самұрық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ басқарма төр­аға­сының орын­ба­сары Айдын Кә­рібжанов әлемдік қаржы дағ­да­ры­сының кезекті толқыны тууы­ның мүмкіндігін көрсете оты­рып, қор дамудың негізгі 3 ба­сым бағытын айқындап алған­ды­­ғын баяндады. Қазақстандық-америкалық инвестициялық фо­ру­мы барысында 7 секция бой­ын­ша талқылаулар өтті. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар