Қазақстан • 13 Маусым, 2018

Дарынды жастарға – даңғыл жол

1365 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Назарбаев өзінің бір кезекті баяндамасында: «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа» деп барлық қазақ жастарына ескерткен еді.  

 

Дарынды жастарға – даңғыл жол

Осы орайда  жоғарыда Елбасы айтқандай, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы сыртта жүрген дарынды қазақ жастарын елге тартуды қолға алуда. Мұндағы мақсат – қа­зақ диаспорасы арасындағы білік­ті жастардың бойындағы танымдық қабілетін дамыту және еліміз экономикасына қажет мамандарды дайындау. 

Жоғарыдағы үрдісті іске асы­ру жолында қазірдің өзін­де біршама жұмыстар жос­парланып, кейбірі жүйелі түр­де орындалып жатыр. Атап айтқанда, Халық­аралық бағдарламалар орталығы мен Дүниежүзі қа­зақ­тар қауымдастығы шетел­де тұратын қазақ бала­ларын білім гранттарымен қам­тамасыз ету үшін екі­жақты меморандумға қол қойып, 10 мың жасты Ресейдегі жоға­ры оқу орындарына оқыту мәселесін шешті. Бұған шетелдік бауырлармен қатар қазақ­стандық жастар да қаты­са алады.

Сонымен қатар қауым­дастық Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, диас­пора жастарын қолдау мақсатында үстіміздегі жылы «Мекенім Қазақстан» жобасы аясында шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына 150 орын бөліп отыр. Бұл ша­ра 27 шілде – 10 тамыз ара­лығында Ақмола облысы, Бурабай ауданындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында іске асады және оған 6-10 сыныпта оқитын дарынды балалар қатысады. 

Сол сияқты Алматыдағы Қа­зақ мемлекеттік қыз­дар­ педагогикалық уни­вер­­си­­те­ті­нің ректоры Г.Алдаберге­нованың бастамасымен шет­елдерде тұратын қазақ диас­порасының дарынды жастарын қолдау бағытында, дәстүрлі түрде өтетін Халық­аралық Ы.Алтынсарин олим­пиадасына оларды да қатыс­тырып, жақсы нәтижеге қол жеткізген жас­тарды оқуға қабыл­дау тетігі ойластыруда. Яғни дарындылығымен университетке қабылданған жас дайындық курсын то­лық аяқтап, шынайы оқуға қабыл­данған жағдайда әрбір оқу курсының оқу ақысына 50-75 пайызға дейін жеңілдік жасалады. Болашақта мұндай жұмыстар еліміздің басқа да жоғары оқу орындарында жүргізілмек. 

Осындай маңызды шараларды жүзеге асыру жолында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының облыс­тардағы бөлімшелері де атса­­лысуда. Атап айт­қанда, Аты­рау облысы бөлімшесінің бас­шысы Өтепберген Әлім­гереевтің басқаруымен Ресей­дің аумағындағы Астрахань облысында қауымдастық өкілдері барып, қазақтардың ахуалымен танысты. Бұл өлкеде 200 мың қазақ тұрады. Кейінгі жылдары екі облыс жастары «Дос жүректі шекара бөле алмайды» атты этномәдени фестивалін өткізу жақсы нәтиже беруде. 

Осының жалғасы ретін­де жақында Астрахань об­лысының Харабайлы ауда­нын­дағы Хошоеутово орыс орта мектебінде 280 бала оқыса, осылардың 272-сі қазақ. Мектептің қазақ жастарынан құралған футбол командасы атыраулық, алматылық әріптестерімен жолдастық кездесу өткізді. Мұндай ша­раға мұрындық болып, екі елдегі қазақ жастарының басын қосуға қолдау жасаған Атырау инженерлік-гумани­тар­лық институтының ректоры Ерсайын Ихсановқа алғыс айтқан орынды. Ендігі міндет – астраханьдық жастарды өз арамызға әкелу. Бұл іс аты­раулықтар тарапынан іске асады деген үміт бар. 

Жоғарыдағы шаралар әлі де қауымдастық тарапы­нан жалғасын табады. Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығы Төрағасының бірінші орын­басары З.Тұрыс­беков іссапармен АҚШ-та болып, ондағы қазақ диаспора­сы­ның іскер, білікті маманда­рымен кездесіп қайтты. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысының тумасы, физика-математика ғылымдарының докторы, Америкадағы Ак­туарилер Палатасының мү­шесі Махмуд Сағындық атты азамат. М.Сағындық бауырымыз актуарилер іс-әрекетінің Қазақстанда өркендеуіне үлес қоссам дейді. 

АҚШ-та тұратын тағы бір қазақ сегіз тілді меңгерген по­лиглот ғалым, сол елдегі ең үздік травматологтардың бірі Нөкіс қаласының тумасы – Жолдас Құлжанов қа­зақ патриоты ретінде қол созуға дайын. Ол 2003 жыл­­дан бері Қазақстанның Астана, Алматы, Семей, Пав­ло­дар, Ақтөбе, Шымкент қалаларында жүздеген операция жасап, еліміз клиникаларында шеберлік сыныптарын өткізген. Болашақта елімізге қажет өзекті жобаларды жү­зеге асыруда ғылыми-әдіс­­т­емелік көмек көрсетуге де­ әр­қа­шан әзір екендігін айтады. 

Ал Абылай Оспан деген 37 жастағы ғалым, IT саласында кәсіпкер. Арқалық қала­сының тумасы. Қазір Майя­миді мекен етеді. Абы­лай Оспан Қазақстандағы цифр­лы индустрияның даму бағдар­ламасы бойынша бір­неше жоба ұсынбақшы. Осын­дай азаматтарымыздың білімділігі мен біліктілігі, өз еліне деген патриоттық сезімдері өскелең ұрпаққа өнеге. 

Мұхит ИЗБАНОВ, 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі