Президент • 13 Маусым, 2018

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы мемелекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар беру тетігін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Орта білім беруді жаңгырту жобасы) ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет Басшысы «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіндері баспасөзде жарияланады.