Бокс • 13 Маусым, 2018

ESPN Головкинге жаңа ұсыныс жасады

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес пен мексикалық экс-чемпион Сауль «Канело» Альварес Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасынан жауап күтуде.

ESPN Головкинге жаңа ұсыныс жасады

«Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясының президенті WBA (Super), IBO және WBC бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге қыркүйек айында болатын жекпе-жекке кіріс бөлу жөнінде ұсыныс жасап, бұл кездесу үшін НВО телеканалы мен Лас-Вегастағы T-Mobile аренасын жалдағаны жөнінде ESPN хабарлады.

«Жекпе-жекті өткізу үшін барынша тырысып жатырмыз. Бұл соңғы ұсыныс. Альварес бұл кездесуді жанкүйерлер үшін өткізгісі келеді. Сондықтан да, қазақстандық боксшыға жеңілдік жасап жатырмыз. Егер 24 сағат ішінде бұл ұсыныстан бас тартса, Дэнни Джейкобспен келісімшарт жасаймыз», - деп Эрик Гомес мәлімдеді.

Ботакөз АМАЛБЕК,

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 1-курс студенті