Қазақстан • 13 Маусым, 2018

Астанада алғаш рет «Altyn Shipager» сыйлығы берілмек

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада алғаш рет медицина саласының қызметкерлеріне «Altyn Shipager» сыйлығы беріледі

Астанада алғаш рет «Altyn Shipager» сыйлығы берілмек

«Altyn Shipager» сыйлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығы аясында өткізіледі.

«Елордадағы денсаулық сақтаудың 20 жылдық мерейтойы» аясындағы марапаттау рәсімі маусымның 14 күні Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты түрде өткізіледі. Мерекелік шараны танымал тележүргізуші және дизайнер Динара Сәтжан мен атақты актер Нұрлан Әлімжанов жүргізеді. Сонымен қатар, ақ халатты жандарды эстрадалық әншілер мерекелік концентр бағдарламасымен құттықтайды.

Еске салайық, биыл Медицина қызметкерлері күні 17 маусымға түседі.

Ботакөз АМАЛБЕК, 

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 1-курс студенті