Аймақтар • 13 Маусым, 2018

«Арыстанда» мектеп бітіру кеші өтті

105 реткөрсетілді

Сапалы білім алу мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру мақсатында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген «Арыстан» лицейі сексен  сарбазды әскери салаға бағыттады.

Сегізінші сыныптан кейін лицей табалдырығын аттап, үш жыл бойы тәрбие-тағылым алған ұландар енді білімдерін Қазақстанның Қарулы Күштері қатарында жетілдіріп, отан қорғайтын болады.

Мерекелік шара дәстүр бойынша лицей туын салтанатты түрде алып шығумен басталды.Ту ұстаушы топ құрамын запастағы капитан А.Садықов бастап, 11-сыныптың үздіктері  Д.Бахтияров, Ж. Бекен, А.Райымбеков  лицей Туын оркестрдің салтанатты шеруімен биікте желбіретті.

Түлектерді құттықтаған «Арыстан» мамандандырылған лицейінің бастығы, Әскери ғылымдар академиясының толық мүшесі, запастағы генерал-майор С.С.Тауланов «Ержүрек, ұлтжанды азамат болу үшін терең білім мен мықты тәрбие қажет. Мемлекеттің болашақта тізгінін ұстайтын парасатты ұрпақ ретінде асар асуларыңыз биік, армандарың айқын, қадамдарыңыз нық, өмірлік жолдарыңыз ақ болсын!»  деген тілегін білдіріп, лицей шәкірттерінің білімде және спорттағы үздік жетістіктері туралы баяндады.

Он бірінші сынып  түлектерінің оныншы сынып оқушыларына ту тапсыру рәсімі лицейдегі кезекті дәстүрлі шара. Лицей туы  – ар,  абырой, ерліктің  нышаны. Ол  әрбір ұланды Отанына адал қызмет етуге, ерлікпен қорғауға шақырып тұрғандай. Дәстүрлі ту тапсыру салтанатынан кейін «Арыстан» мамандандырылған лицейі бастығының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, запастағы  полковник В.А.Райхель түлектерді құттықтады.

Ендігі кезекте бітіруші түлектер үшін қуанышты сәт – аттест және  төсбелгі тапсыру рәсімі. Лицей түлектерінің мектеп бітіру кешіне Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы Т.А.Құлыбаев арнайы келіп, түлектерге құттықтау лебізін арнады. «Алтын белгі» иегерлері Г.Гламдун, Д.Салауатов, С.Оңғарбаевқа орта мектепті бітіру туралы аттестаттарын  салтанатты түрде табыс етті.

Мерекелік шараға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С.Мұхтаров, әскери жоғары оқу орындарының басшылары – Құрлық әскерлерінің Әскери институтының бастығы полковник С.Д.Асанов, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник А.Д.Мұстабеков, десанттық шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы К.С.Қарақұлов, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы Қарулы Күштері әуе қорғанысы күштерінің генерал-майоры С.Б.Исмаилов және  ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, т.б. қатысты.

Лицей кешінде  ата-аналар да қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді. Салтанатты кеш түлектер дайындаған концерттік қойылымдар мен әскери-спорттық оқу-жаттығулармен жалғасын тапты.

А.Есенғожаева,

«Арыстан» лицейінің оқытушысы

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Бүгін, 10:33

Сипаты бөлек «сыпайылық»

Руханият • Бүгін, 10:07

«Құныскерей» – құнды еңбек

Руханият • Бүгін, 09:53

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Ұқсас жаңалықтар