Қазақстан • 13 Маусым, 2018

«Минхва» атты корей халқының кескіндеме көрмесі ашылды

987 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінде «Минхва» атты корей халқының қазіргі заманғы кескіндеме көрмесі ашылды.

«Минхва» атты корей халқының кескіндеме көрмесі ашылды

Көрменің ашылу салтанатына экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы келіп қатысты. «Корей халқының кескіндеме  көрмесінің ашылуы Елбасы кітапханасы үшін айтулы оқиғалардың бірі болып табылады. Өйткені бүгінгі шара 26-шы жылдық тарихы бар Қазақстан мен Корея Республикасы қарым-қатынастары өте жоғары деңгейде екенін тағы бір рет дәлелдейді. Сонымен қатар, Қазақстан тарихи департация кезінде қоныс аударған корей текті азаматтар қоғамының ажырамас бөлігі ретінде еліміздің дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Оған қоса, сонау қиын жылдарда тағдыр тәлкегіне тап болған кезінде қол ұшын беріп, қоңақжайлық танытқан қазақ ұлтына алғыстарын білдіруде» деп Ә.Рахымжанов «Минхва» сурет шеберлеріне «Гармония» атты қол суретті сыйлап, салтанатты  шараны бастады. Шараның ашылу салтанатының тұсауын кескен корей халқының ең үздік суретшілерінің бірі атанған Ю Суан-док, Ми Бонг-Джи және О Сон-а кесті.

Іс-шара кітапхананың «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында  Қазақстан Республикасының Корей Республикасы елшілігінің Корей мәдениет орталығы мен «Минхва» корей халық кескіндемесі музейінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Корей өркениетінің кез келген саласы ең танымал әлем мәдениеттерінің біріне жатады. «Минхва» кескіндемесі де бұл санатта. Оның себебі корей халқының өзіндік тарихы мен салт-дәстүріне негізделіп отыр. «Минхва» сөзі корей тілінде «халық кескіндемесі» деген ұғымды білдіреді. Дәстүрлі корей өнерінің бұл бағыты XVI-XVII ғасырлардағы әлеуметтік – саяси тарихпен тығыз байланысты. Ол Чосон әлуеті билігінің соңғы кезеңінде, корей қоғамы үлкен өзгерістерге ұщыраған кезде пайда болды. Нәтижесінде кескіндеме бұйымдарының патша сарайына тән әшекей ретінде саналуы тоқтады. Әлеуметтік топтардың жіктелуімен өнер туындыларына деген сұраныс та өсті.

«Минхва» корей халық кескіндемесінің музейі - қазіргі корей өнер шығармашылығының аталмыш бағытын сақтау және дәріптеу орталығы. Көрмеге АҚШ, Франция, Жапония, Үндістан, Моңғолия, Корея суретшілерінің атақты туындылары қойылған.  Ю Суан-док, Ми Бонг-Джи және О Сон-а «Минхва» шеберлері ретінде мойындалған. Әр автор өз еңбегін «Мереке», «Жаңғырық», «Табиғат мезгілі»  тақырыптарында ұсынды. Суретшілер өздерінің әр бір суретінде корей халқының ұлттық нышаны жыртқыш жолбарыс пен қадір тұтатын  сауысқанды бейнелеген. Бұл жұмыстар «Минхва» кескіндемесінің жаңғыруы», «Минхва түсіндірме кескіндемесі», «Қолданбалы өнердегі «Минхва» кескіндемсінің үш бағыты бойынша орындалды.

Сондай-ақ көрмеде ұсынылған 57 жұмыстың қатарына картиналар, мүсін композициялары, ыдыстар мен жиһаздар сынды тұрмыстық заттар бар.

Миражан МАХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 1-курс студенті